Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 18 ақпан. BAQ.KZ – Солтүстік Қазақстан облысында ауруға шалдыққан асыл тұқымды сиырлардың көзі жойылуда. Ірі қара малдарын өткен жылы өңірдегі екі шаруа қожалығы елге әкелген болатын.

 

Мал дәрігерлері жуырда аталған малдың барлығынан да (700 бастан астам) диарея мен Шмалленберг вирусын анықтаған еді. Бүгінде екінші күн қатарынан «Леонов» шаруа қожалығында Астанадан келген санитарлық бригада жұмыс істеуде. Олар сиырларға алдымен улы екпе егіп, өлі денелерін елдімекен сыртындағы шұңқырға апарып өртеп жатыр. Қазіргі таңда 300-ден астам жануардың көзі жойылыпты. Олардың ішінде жаңа туған бұзаулар да бар.
Алайда, екінші «Покровское» шаруа қожалығына мал дәрігерлерін кіргізер емес. Қожалық иелерінің айтуынша, мамандардың қолдарында малдарды өлтіру керек деген ешқандай құжат жоқ.
Естеріңізге салайық, сиырлар сатылып алынған австриялық тарап малдардың өз елдерінде ауруға шалдыққандығын жоққа шығаруда.

http://www.baq.kz/news/23433

Рубрика: