АЛТЫНОРДА
Новости

Ауған соғысына қатысқан ардагерлерге құрмет көрсетілді

Астана. 19 ақпан. BAQ.kz — Бүгін «қаза болған жауынгерлерге — тағзым, ардагерлерге – құрмет» деген ұранмен Астана қаласы Ішкі істер департаментінің қызметкерлері Ауған соғысының аяқталуының 24 жылдығын атап өтті, — деп хабарлайды 24kz.

 

 Соғыстан қайтпаған ерлердің ерлігі – бүгінгі ұрпақтың мақтанышы. Ауған соғысынан оралған жауынгерлердің 5-еуі қазір Ішкі істер департаментінің қызметкері, ал 14-і ардагерлер санатында. Олар «Қазақстан полициясына 20 жыл» төсбелгісімен марапатталды.

Сапарғазы БАЙҒАЛИЕВ, Астана қаласы ІІД штаб инспекторы:

— Соғыс міндетті түрде есімізде бар. Әрқашан да есімізден кетпейді. Ол соғыста біз көп жолдастарымыздан айрылдық. Қазіргі кезде ол жолдастарымыздың отбасыларымен араласып тұрамыз. Ресейде де жолдастарымыз бар.

Ерболат СЕРІКБАЕВ, Астана қаласы ІІД аға инспекторы:

— Жастар мұны көріп, өздерінің патриоттық сезімдері оянады. Ауған соғысына қатысқандар Отан алдындағы борышын өтеді.

 

http://baq.kz/news/23540