Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 14 сәуір. BAQ.KZ – Жақын арада елімізде Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі атап өтіледі. Бұл күндері Астанада барлық негізгі алаңдарда 35-тен астам іс-шара өткізу жоспарланған. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.

Басты іс-шаралардың бірі — 18 сәуірде Бейбітшілік және Келісім сарайында өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы. Сондай-ақ, Қазақстан халқының бірлігі күніне орай қалалық шығармашылық ұжымдардың және ұлттық мәдени орталықтардың қатысуымен Қазақ елі алаңында мерекелік концерт, халықтық серуен ұйымдастырылады.

Бұдан басқа, Астанада 1 мамыр мейрамы қарсаңында М.Горький атындағы орыс драма театрында Қазақстан халқының достығы фестивалі, Қырғызстан Республикасы елшілігінің ұйымдастыруымен Қырғызстан суретшілерінің көрмесі, мемлекеттік тілді меңгерген түрлі ұлыс өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік тіл бізді біріктіреді» дөңгелек үстелі және мерекелік флэшмобтар өтеді.

http://baq.kz/kk/news/45778

Рубрика: