Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

газ кубырыАлдағы уақытта Астанаға газ құбырын тарту жобасы іске асырылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті.

«Астанаға тартылатын газ құбыры бойынша толық қарастырылып, бекітілген техникалық экономикалық негіздеме бар. Біз жобаның құнын анықтап, оның тартылатын бағдарын айқындаған болатынбыз. Бүгінде аталған газ құбырының құрылысы жүзеге асырылып жатқан жоқ. Оны салу бойынша жұмыстарды әзірге уақытша тоқтата тұру шешімі жасалған. Алайда бұл шешім Астананы газ құбырын тартпаймыз дегенді білдірмейді, яғни алдағы уақытта осы жоба іске асырылады», — деді министрдің орынбасары.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдары солтүстік өңірлерді газдандыру бойынша жұмыстар жоспарланған болатын. Осы орайда «Тобыл-Көкшетау-Астана» солтүстік газ құбырын салу қарастырылған еді.

http://zhebe.com/

Рубрика: