Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астанада 30 шақты белсенді «Атамекен» мемориалдық кешеніндегі мемлекеттік ту түбіне гүл қойып, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының және 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасының құрбандарын еске алды.

Қоғамдық белсенді Мұсағали Дуамбеков «бұл шара өздері үшін жыл сайынғы дәстүрге айналғанын» айтты. «Былтыр Жаңаөзен оқиғасында қайтыс болған азаматтардың есімдерді жазылған «қара тақтаны» қалалық әкімдікке беріп едік. Бірақ ол қазір бір саяжайда жатыр. Қаланың жаңа әкімі біздің былтырғы ұсынысымызды қолдап, сол «қара тақтаны» орнататын орын бөледі деп сенеміз» деді ол.

Қоғам белсендісі Зәуреш Батталова «16 желтоқсан мерекелік көңілден бұрын қайғысы басым күн екенін» айтты. Оның сөзінше, нағыз тәуелсіздік «сөз бостандығы орнаған, адам құқығы сақталатын, тәуелсіз, әділ сот жүйесі бар қоғамда ғана болады».

Шараға келген белсенділер Желтоқсан мен Жаңаөзен оқиғасының құрбандарына Құран бағыштады.

Мұндай шаралар бүгін Алматы мен Орал қалаларында да өткізілді.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141216/330/330.html?id=26746218

Рубрика: