Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 28 қаңтар. Baq.kz – Астанада жекеменшік үйлердің бағасы 15 пайызға өсті деп хабарлайды Tengrinews.kz Кn.kz порталына сілтеме жасап. Аталмыш портал мамандарының мәлімдеуінше, 2013 жылы Астанада Есіл аумағындағы үйлердің бағасы 18 пайызға өскен.

Осылайша 2013 жылдың қорытындысына сүйенсек, Астана сыртындағы жекеменшік үйлердің шаршы метрі 1372 долларды құраған. Ал қала ішіндегі үйлердің шаршы метрінің орташа бағамы 848 долларға жеткен.

Жалпы, Астанадағы тұрғын үй бағамына қатысты сарапшылар «2014 жылы да көрсеткіш 15 пайызға дейін өседі» деген болжам жасап отыр. Ал Астана маңына жақын жер телімдері 2014 жылы 20 пайызға дейін өсуі мүмкін.

Жалпы, Астанада «Қолжетімді баспана — 2020″ бағдарламасы аясында 7 көппәтерлі тұрғын үй бой көтеруде.
Бұған қатысты » Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» 2013 жылғы желтоқсандағы мәліметтері бойынша 988,11 млрд теңге сомасына 467 324 шарт жасалды. Салымшылар жинағы 182,5 млрд теңгені құрады және 201,88 млрд теңге сомасында 58 219 заем берілді. Бағдарлама аясында 2020 жылға дейін Астанада мемлекеттік бағдарламалардың барлық бағыттары бойынша 2,5 млн шаршы метр немесе 49 626 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

http://baq.kz/kk/news/42753

Рубрика: