Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 26 ақпан. Baq.kz Осы уақытқа дейін студент жастардың қоғамдық көлікте жүру ақы­сын төмендету, университет жанындағы буфет-асханалардың бағасын ар­­зандату сияқты мәселелер талай рет көтерілді. Алайда оған қатысты жо­ға­ры оқу орындарының басшылығы, тіпті министрліктің өзі ләм-мим деген жоқ

Астанадағы Қазақ агротехникалық университеті болса «сту­дент­тік» мәселелерді өз күшімен шешуге кірісті. Бүгінде ол жерде арзан ас­хана жұмыс істейді. Ал күні кеше студенттер үшін әлеуметтік дүкен ашыл­ды.

Негізі, Астанадағы Сәкен Сейфуллин атын­дағы Қазақ агротехникалық универси­те­тінің оң бастамалары көп. Соның арқа­сында бұл жерде нағыз «студенттік өмір» барынша сезіледі. Мәселен, бұған дейін университеттің №5 жатақханасы жанынан студенттік асхана ашылған болатын. Ондағы бір түскі астың бағасы – 250 (!) теңге. Оның ішінде екі ыстық тамақ пен шай-пай бар. «Шіркін-ай, не деген молшы­лық!», – дейсің. Бүгінде ол жерге универси­тет сту­денттері ғана емес, жақын маңайда жұмыс істей­тін қарапайым қызметкерлер де көп­теп келеді. Ал күні кеше №4 жатақха­нада «Студент» атты әлеуметтік дүкен ашыл­­ды. Бұл дүкеннің ерекшелігі сол – бар­­лық тауар­лардың құны нарықтық баға­дан төмен. «Ол қалай?», – дейсіз ғой. Уни­вер­си­тет бас­шылығы жеке кәсіпкерге жа­­тақ­хананың бірінші қабатынан бір бөл­мені тегін беріп отыр. Ай сайын коммунал­дық шығындарды төлеп отырса болғаны. Осы­ның арқасында студенттерге азық-түлік өнімдерін арзан бағамен сатуға мүм­кіндік бар.

Айжан БӨЛЕГЕНОВА, жеке кәсіпкер:

– Бізде нанның бағасы – 45 теңге, студенттер жиі алатын «Роллтон» мен «Биг-бон» сияқты тауарлардың нарықтық баға­сы 37-65 теңге болса, біздің дүкенімізде «Рол­лтон» – 33, ал «Биг-бондар» 55 теңге тұра­ды. Бұдан басқа, тұшпарамыз – 220-260 теңге, бір лимонның бағасы – 45 тең­ге, сусын мен шырындардың да бағасы арзан.

Қазақ агротехникалық университеті осы­мен тоқтамайтын сыңайлы. Алдағы уақытта бұл жерде әлеуметтік емхана және дәріхана ашу жоспарда бар.

Бауыржан ИМАНҒАЛИЕВ, ҚазАТУ тәрбие ісі жөніндегі департаментінің директоры:

– Университет ректоры Денсаулық сақтау министрлігіне жеке өзі шығып, студенттік емхана ашу мәселесін көтерді. Қазіргі кезде министрлік тарапынан қолдау бар. Біз өз кезегімізде емханаға қажетті жағ­дай жасап, құрал-жабдықтармен қам­та­ма­сыз етеміз. Содан соң дәрігерлерді шақыр­тамыз. Олардың ішінде терапевт, невро­патолог, уролог сияқты сегіз маман бола­ды. Оған қоса, бізде әлеуметтік дәрі­хана ашылады. Кәсіпкерлермен келісе оты­рып, біз дәрі-дәрмектердің бағасын да ретте­мек ойдамыз. Шыны керек, студенттер қатты қуанып жүр. Өз пікірлерін ректордың блогына жазып, алғыстарын білдіріп жа­тыр.

Автор: Арман АСҚАР, Астана

Алаш айнасы

Рубрика: