Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астанада тұрғызылатын 382 метрлік Abu Dhabi Plaza ғимаратының құрылысы 2016 жылы аяқталады. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Bnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Қазақстанның БАӘ-гіндегі елшісі Асқан Мусиновтың айтуынша, бұл жоба экологиялық таза құрылыс жүргізудегі маңызды қадам болып табылады.

fg

«Abu Dhabi Plaza-да жалпы ауданы 90 мың шаршы метр офис пен 598 апартамент, 111 мың шаршы метр сауда орындары, сонымен қатар 2 қонақ үй болады. 88 қабатты, 382 метрлік бұл ғимарат Орталық Азиядағы ең биік ғимарат болмақ», — деді Мусинов Gulf News-ке берген сұхбатында.

Өкілдің айтуынша, Абу-Даби үкіметін жобағы 1,5 миллиард доллар инвестиция құяды.

Айта кетелік, сонымен қатар, Abu Dhabi Plaza мен әуежайды байланыстыратын арнайы монорельсті темір жол салынады. Комплекс паркингінде 5 300 орын болады.

 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

 

http://massaget.kz

Рубрика: