Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті Владимир Путин және Беларусь президенті Александр Лукашенко бүгін Астанадағы кездесуде сауда-саттық пен Украинадағы дағдарысты талқылап жатыр. Назарбаевтың айтуынша, Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) үшін келесі жыл сын, қатер көп болмақ.

— Біздің қазіргі міндет — осы жағдайды талқылап, келісім жасау. 2015 жылы да меніңше, ЕАЭО үшін үлкен сын, қатер жылы болады. Біз үш ел арасындағы сауда-саттық пен биыл не істейтінімізді талқылаймыз, — деген Назарбаев.

Беларусь президенті Александр Лукашенко «үш елдің жыл сайын әйтеуір бір қауіптерге жауап қатуға мәжбүр болатынын» айтқан.

— Қазір де белгілі бір қауіптер бар. Бірақ, біз құрған экономикалық одақ бәрібір уақытында қимылдағанымызды көрсетеді, — деген Лукашенко.

Үш ел президенттерінің кездесуі әуелде наурызың 12-інде өтеді деп жоспарланған. Бірақ, көпшілікке белгісіз себептермен, кездесу 20 наурызға шегерілген.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150320/330/330.html?id=26911310

Рубрика: