Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 30 сәуір. Baq.kz – «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу барысында ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан хабарлады.

Елордада тұратын 15 ұлыс өкілдері өздерінің ұлттық тағамдарын көпшілікке ұсынатын болады. Бұл күні алаңға келген қала тұрғындары мен қонақтарға «Кореан Хаус» және «Жібек жолы» мейрамханалары ас әзірлейді.

Бұдан басқа, еліміздің түкпір-түкпірінен, ТМД және Германиядан, Үндістаннан, Қытайдан келген шығармашылық ұжымдардың 700 астам әртісінің қатысуымен концерт ұйымдастырылады, қолданбалы өнер мен бұйымдар көрмесі өтеді. Сондай-ақ, арқан тарту, армрестлинг, гір көтеру, тоғызқұмалақ және т.б. спорт түрлері бойынша сайыстар өткізілетін алаңдар орнатылады.

http://baq.kz/kk/news/46578

Рубрика: