Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана экономикалық форумы бүгінде әлемдік қоғамдастық өкілдері үшін жаһандық диалог алаңына айналды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың VI Астана экономикалық форум қатысушыларына арнаған сөзінде айтылды. Форумға әлемнің 120 елінен 9000-нан астам адам қатысуда. Осы халықаралық басқосу аясында «Мемлекеттік қызметті модернизациялау: тұрақты даму мақсатында тиімділікті арттыру»жаһандық конференциясы өтті.


Мемлекеттік қызмет дамуын­дағы жаңа кезеңді белгі­ле­ген Нұрсұлтан Назарбаев­тың 2020 страте­гиялық бағдарламасы аясын­­да Қазақстанға алдыңғы қатарлы халықаралық тәжіри­бемен алмасу аса маңызды еке­нін атап өтті, Мемлекеттік қыз­мет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Байменов. Ол өз кезе­гінде Қазақстан дүниежүзі сарап­шыларының жоғары баға­сына ие болған озық тәжі­ри­бесімен бөлісуге даяр екендігін мәлімдеді.Сонымен бірге жиында Еуропа Одағының ел­шісі Аурелия Бушез, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Стивен Тулл жылы лебіздерін білдірді. Жаһандық кон­ферен­цияға АҚШ, Германия, Ресей, Сингапур, Түркия, Бельгия және тағы басқа елдердің сарапшылары мен мемлекеттік қызмет сала­сындағы ресми өкілдер қатысты. Айта кету керек, сарапшылардың бір бөлігі мемлекеттік қызмет саласындағы қазақстандық моделді жоғары бағаласа, енді бір бөлігі осы бағыттағы соңғы жа­ңа­­лықтарды өз елдеріне енгізуге ықылас танытып отыр.

Иракли КОТЕТИШВИЛИ, Грузия мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі Бюро дирек­торы:
– Қазақстан мен Грузияның мемлекеттік қызмет саласында ұқсас және өзгеше тұстары бар. Осы жолы біз Қазақстанның тәжірибесімен танысуға келдік. Сонымен бірге өзіміздің тәжіри­бемізбен бөлісе аламыз. Осы жолы біз өзара ынты­мақ­тастығымызды нығайта түстік. Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойдық.

Ахмад МОШАХЕД, Ауған­станның әкімшілік рефор­ма және мемлекеттік қызмет тәуел­сіз комиссиясының төра­ғасы:
– Қазақстанның мемлекеттік қызмет саласында терең әрі ауқымды жұмыстар жасалған. Әсіресе, басқарудың «А» және «Б» корпустарын құру және мем­лекеттік қызметке өтудің кон­курстық іріктеу механизмдері ту­ралы мол ақпарат алдық. Біз осында көргендеріміз бен білгендерімізге сүйене отырып, осындай әкімшілік рефо­р­ма­ларды Ауғанстанда өткі­зе­ті­німіз сөзсіз.

Александр ТУРЧИНОВ, Ресей Федерациясы Прези­ден-тінің жанындағы Ресей халық шар­уашылығы және мемлекеттік басқару академиясы Мемлекет­тік қызмет және персоналды басқару институты директоры:
– Ең алдымен Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерді әкім­шілік және саяси деп бөл­ген­дері өте дұрыс. Бұл мем­лекет­тік басқару жүйесіне тек жақсы жағынан әсер етеді. Себебі әкімшілік қызметкерлер кәсіби мамандар, ал саясатпен айны­ла­сатындар келеді, кетеді. Қазақстанның тәжірибесі қызықты. Бұл басқару жүйесінде тиімді, кәсі­би, білікті шешімдер қабыл­дауға мүмкіндік береді.

Аймақтағы көшбасшы ел
Стивен ТУЛЛ, БҰҰ Даму бағдар­ламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі:
– Реформалар әлемдік деңгейдегі ең озық тәжірибеге сай өтуде. Олар мемлекеттік қыз­мет саласын тиімдірек әрі ашық етуге бағытталған. Түптеп келгенде оны әр бір қазақстандық өздеріне көрсетілетін мемлекет­тік қызмет сапасы арқылы сезі­не­тін болады деп сенемін.

Стефан КОНДРИ, АҚШ Жалақы бойынша федералдық кеңесінің төрағасы:
– Біз Қазақстан мемлекеттік қызмет саласында көшбасшы болады деп сенеміз. Мұнда бұл саланы жетілдіру бойынша шетелдік әріптестермен көп жұ­мыстар жасалынуда.
Джордж МИРОГИЯННИС, Еуропа Одағының «Қазақстан үкіметі мемлекеттік қызметін реформалау және модерни­за­ция­лау» жобасының жетек­шісі:
– Қазақстанның мемлекеттік қызмет саласын реформалау бағытында өте үлкен қадамдар жасалды. Ең алдымен құқықтық жүйедегі өзгерістерді, оның ішін­де жаңа заңнаманың қабыл­данғанын атап өткім келеді. Сонымен бірге әлемнің ең беделді оқу орындарымен бірлесе отырып, мемлекеттік қызмет­керлерге біліктіліктерін жетілдіру тренингтері өткізілуде. Қазақстан өңірдегі ең үздік әрі табысты ғана емес, одан кеңірек аймаққа да үлгі бола алады.

Анни ДЕМИРЖАН, Мемле­кет­тік басқару саласын­дағы демократиялық практика жетек­шісі, БҰҰ ДБ Братиславадағы Еуропа және ТМД өңірлік орталығы:
– Қазақстан қазір кәсіби мемлекет пен кәсіби қызмет-керлерді даярлауға ұмтылып отыр. Ал мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет сала­сын­дағы адами ресурстар маңыз­ды екені анық.
Суквиндер Сингх Чопра, тәуел­сіз кеңесші, Ли Куан Ю атын­дағы Мемлекеттік саясат мектебінің әкімшілік дирек­торы(2005-2011):
– Мен бұл елге осымен үшінші рет келіп отырмын. Бұған дейін үкімет басшы­лығы­мен, мамандарымен, сарапшыла­рымен жүздестім. Қазақс­танның осы саладағы жұ­­­мыс­­тарымен таныстым. Қазақс­­тандағы реформалар өте та­маша! Жылдам жүзеге асуда. Реформалар бойын-ша саясат анық әрі жүзеге асыру тетіктері айқын. Қазір қолға алынып жатқан бас­тамаларға қарағанда, олар халық­аралық тәжірибеге сүйенеді әрі жаңа идеяларға ашық. Сонымен бірге қазақс­тандық ерек­шелік-терді қоса ескереді.Әсіресе, «А» басқару кор­пусына қатысты «браво!» дегім келеді. Енді келесі қадам  сы­байласқан  жемқорлыққа қатысты шаралардың кеңеюі болатын шығар деп ойлаймын. Электронды үкіметті енгізу де– маңызды әрі жақсы идея. Мем­лекеттік қызметті рефор­малау сыбайласқан жемқорлық­пен күресте ең бір тиімді шара болып саналады.

Тақырыпқа орай:
Астана экономикалық фо­румы аясында тұңғыш рет Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция өткізіледі. Оған БҰҰ Бас Ассамблеясы қолдау көрсетіп отыр. Кон­ференция қатысушылары қорытынды декларация мен Дағ­дарысқа қарсы дүниежүзілік жоспар жоба­сының негізгі бағыт­тарын дайын­дайды, олар алдағы уақытта БҰҰ мүше елдері наза­рына ұсынылады. Форум мен конфе­ренцияның басты талабы: әлемдік эконо­миканың теңге­рімделген эконо­микалық өсуін қамтамасыз ету мәселесінде шешімдер іздеуге бағыт­тала­тын­дығы айтылған Мемлекет басшы­сының форум қатысушыларына арнаған үн­деуін­де.

Дайындаған:
Нұржан ЖЕҢІС

http://www.aikyn.kz

Рубрика: