Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Наурыз мерекесі қарсаңында, 19 наурыз күні «Астана Опера» театрының камералық залында театрдың жетекші солистері мен камералық хорының қатысуымен «Наурыз-Көктем» атты концерт өтеді. Камералық залдың концертіне алғаш рет Ғалия Байғазинованың басшылық етуімен миманс труппасының әртістері қатысады.

Концертте қазақ халық әндері, романстары мен саздары, Қазақстан композиторларының операсынан көріністер шырқалады. Көпшілік сүйіп тыңдайтын «Жар-Жар», «Тойбастар», «Гәкку» әні және басқа композициялар ұлттық опералық классиканы бағалаушылар назарына ұсынылады.

Сонымен қатар ұлттық мерекеге орай, Той бастар, отау құру, бесікке бөлеу сынды қазақтың салт-дәстүрлерінен көрініс қою жоспарлануда. Көшпенді қазақ тазалықты ұстанып, дүниеге келген сәбиді бесікке бөлеген. Осы әдет-ғұрыпты миманс әртістері көрсетеді.

Кешке қатысатындардың барлығы, концертмейстер де ұлттық киім киеді. Камералық залдың академиялық сахнасы ұлттық нақышта безендіріліп, көрермен киіз үйдің интерьерін тамашалай алады.

Музыкатанушы Маржан Жәкенова Наурыз-Көктем концерті тыңдарманға көктем, жаратылыстың жаңаруын, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтынын айтады. «Концертке «Астана Опера» театрының жетекші солистері: Дина Хамзина, Айзада Қапонова, Жаннат Бақтай, Әлфия Кәрімова, Гүлзат Дәуірбаева, Ғалия Байғазинова, Жәмиля Жарқымбаева, Бейімбет Таңарықов, Азамат Жылтыркөзов және басқалары қатысады. Кеш көрерменнің жүрегіне жететін, оларға нағыз мереке сыйлайтын мазмұнды болғалы тұр», — дейді ол.

Концерт сағат 19:30-да басталады, билет бағасы 1 500 теңгені құрайды.

Сурет: «Астана Опера» баспасөз қызметі

Дайындаған: Анар Мұстафина

http://massaget.kz/madeniet/teatr/17686

Рубрика: