Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 13 мамыр. Baq.kz – Мамырдың 10-ынан бастап Астана станциясынан Қарағанды бағдарына екінші жаңғыртылған жаңа электрпойызы ЭД9Э (электрқуатын үнемдеуші) «Сарыарқа» жіберілді. Жаңа электрпойыз аса жайлы, қауіпсіздігі жоғары, — деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Жаңа электропойыз Қарағандыға тәулігіне екі рет қатынайды. Астанадан 10:45 минутта шығып Қарағандыға 13:55 минутта жетеді. Ал, екінші рейс Астанадан 19:35 минутта шығып, Қарағандыда 22:45 минутта болады. Жылжымалы құрамда бірінші сыныпты үш вагон, екінші сыныпты үш вагон, үшінші сыныпты екі вагон бар. Жаңа электропойызда жайлы орындықтар, ауа баптағыш бар. Вагон аралықтарында ауа өткізбейді. Салонда бейнебақылау камерасы орнатылып, Wi-Fi сымсыз желісімен жабдықталған. Электронды «жүгіртпе жол» таблосы арқылы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат таратылады.
Айта кетейік, бұл пойыздың алғашқы тұсаукесері 2003 жылы Қазақстан президенті Н. Назарбаевтың қатысуымен атқарылған-ды. Содан бері Қазақстанды Ресейдің «Демихов машина жасау зауыты» электрвагондарымен қамтып келеді. Он жылда «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Қала маңы тасымалы» компаниясына арнап 32 вагон сатып алды. Бұл өз кезегінде Мемлекет басшысының Астана маңын дамытып, Сарыарқаны ірі агломерацияға айналдыру жобасынан туындаған болатын. Сенімді көліктік қатынас Елорда маңының экономикалық дамуына серпін беретіндігі белгілі.

 

http://baq.kz/kk/news/47053

Рубрика: