Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлы Отан соғысы ардагерлерін қолдау бойынша жалпы ұлттық акциясы аясында Астана қаласының әкімі Елбасының атынан ҰОС ардагерлерін келе жатқан Жаңа жылмен және Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады.

Әділбек Жақсыбеков Ұлы Отан соғысының ардагерлері Раиса Сафоничеваға, Тезекпай Әбдірахмановқа және Владимир Кальсинге зор денсаулық пен бар жақсылықты тілеп, сыйлықтар табыс етті.

«Сіздер соғыс және соғыстан кейінгі жылдары қажырлы еңбектеріңізбен бүкіл халықтың құрметіне бөленіп, кейінгі ұрпаққа үлгі болдыңыздар. Қазақстандықтар мұны мәңгі жадында сақтайды, әрдайым ардагерлерді сыйлап, оларға қамқорлық көрсетеді. Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас қуат, ұзақ және бақытты өмір, сіздерге және жақындарыңызға барлық жақсылықты тілеймін», — деп елорда әкімі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын ардагерлерге оқыды.

Ардагерлер Мемлекет басшысына қамқорлығы мен ықыласы үшін алғыстарын білдірді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайтынан.

null

Басты сөздер: Әкім Қоғам Жеңістің 70 жылдығы Астана

http://inform.kz/kaz/article/2732282

Рубрика: