Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

WikiLeaks сайтын құрушы, екі жыл Эквадордың Лондондағы дипломатиялық өкілдігінде тұрған Джулиан Ассанж елшіліктен кететінін мәлімдеді. Бұл жайында баспасөз жиынында айтқан хабарлаған ол соңғы жылдары өзіне Ұлыбритания мен АҚШ-тағы құқық қорғау ұйымдары қолдау таныта бастағанын жеткізді.

Халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы бірнеше рет АҚШ билігін Ассанжды қудаламауға шақырған.

Көп елдерде құпия саналып келген мыңдаған құжатты жариялаған WikiLeaks сайтын құрған 43 жастағы Джулиан Ассанж Ұлыбритания билігі өзін Швецияға тапсыруы мүмкін деп Эквадор елшілігін паналап келген.

Швеция билігі Ассанжды «әйел зорлады» деген айыппен іздеу жариялаған. Бірақ Ассанж Ұлыбританияда да, Швецияда да өзіне ешқандай ресми айып тағылмағанын айтады. Ассанж Эквадор елшілігін паналауын АҚШ құқық қорғау органдарының өзін қудалауымен байланысты дейді.

Эквадор билігі Лондонды Ассанждың мәселесін «дипломатиялық жолмен» шешуге ынта танытпай отыр деп айыптайды.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140818/330/330.html?id=26536098

Рубрика: