Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

fdb7a909d09b1cc19658d5f8a8d4d800Әскерде болмаған азаматтарға мемлекеттік құрылымдарда қызметке тұруға тыйым салатын заң керек пе? 

Cәт  ТОҚПАҚБАЕВ, запастағы  генерал-майор:

– Отанды  қорғау  бәріміздің  міндетіміз.  Ол – еліміздегі  әрбір азаматтың  Отан алдындағы  парызы. Әскерге  бару, әскери  өмірді  көру,  мылтық  ату,  түрлі  әскери  техниканы  жүргізу  кәмелетке толған  әрбір  бозбаланың қызығушылығын  тудырары  хақ. Бірақ Қазақстанның  қазіргі  армиясы  шағын.  Сондықтан  кеңес  заманындағыдай  бозбала  біткен  он  сегізге  толған  соң  армияға алына  бермейді. Бізге  керегі өте  ұшқыр, шағын, бірақ  заманауи  қарумен  жарақтанған  армия. Ол бізде бар. Шағын  армияға жастарды  топырлатып ала  беру  міндет  емес. Демек,  жастардың  көпшілігі  әскери  өмірден тыс қалады.  Бірақ  олар  әскерге  бармады  деп  құқығын  шектеуге  бола  ма?  Оқыған  азаматћа  неге  мемлекеттік  құрылымда  жұмыс  істеуге  болмайды? Бұл дұрыс  емес.  Бұған  қосылмаймын. Әскерде болмадың  деп  жастарды  шеттете  берсек  не  болмақ?  Демек Ресейдегідей  заң  бізге  қажет  деп айта алмаймын.

 

 

 

Әзімбай  ҒАЛИ, саясаттанушы:

–  Бізге де осындай заңды  қабылдап  жатса, ол  артық  болмас  еді. Өйткені  мемлекеттік қызметке  келетіндер тәжірибеден  өткен, ысылған, жөн-жосықты білетін  азаматтар  болса жаман  ба?  Көп елде  әскери  борышын  өтеп келген  жастарға оқуға  түсуге,  өзге де  жағдайларда  жеңілдік  бар. Кеңес  одағы тұсында  да осындай  жеңілдік  болған. Қазір де  керек. Отанды  қорғау  керек. Әскерге  баратындарды ынталандыру  керек. Егер Ресейдегідей  заңды  қабылдап  жатсақ, жастар  армияға баруға  мүдделі болар еді. Өйткені ертең  мемлекеттік  қызметке тұру  үшін.

 

Камал  БҰРХАНОВ, Мәжіліс  депутаты:

– Ресей мен  бізді  салыстыруға  келмейді. Ол ел  заң  қабылдаса, өзінің  ішкі  құрылымдарына  байланысты қабылдады. Ал  бізде  жағдай  мүлде басқа  ғой. Қазақстанға үлкен армия  керек емес. Сондықтан жастарды  жаппай  әскери  борышын  өтеуге шақыруда  міндетті  емес  деп  ойлаймын. Бізге  шағын  һәм кәсіби  армия  қажет.  Бұл бір.

Екіншіден,  әлгіндегідей  заң бізге томпақтау келеді.  Өйткені  біз «Болашақ« бағдарламасы және  өзге де  салалар  бойынша  шетелдерде жастарды  оқытып  жатырмыз. Ертең  оларға  «әскери  борышыңды  өтемедің»  деп қызметке  алмай  қоятын болсақ,  онда  ақша  шығарып  оқытудың  қажеті  бар. Бұл  жерде жалпы  білімді жастардың  құқығын  шектеу  орын алады.  Қысқасы,  мұндай  заң  біздің  елге  келмейді.

Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ

 

http://www.aikyn.kz/articles/view/28713

Рубрика: