Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

ммм– Әсима Темкеқызы, мі­не, 2013 жылғы соңғы қо­­ңы­раудың сыңғырын ес­ти­тін күн де жетті. Жалпы, бұл оқу жылын Астана мек­­теп­терінің түлектері қай дең­гей­де аяқтады?
– Жалпы, әр оқу жылында өзіндік өзгерістер болып жатады. Міне, биыл тағы да кезекті оқу жылы аяқталып отыр. Бір ерекшелігі, Астана қаласының мектептері оқу жылдарын жақсы нәтижемен түйіндеп келеді. Біздің елорда мектептері әрқашан да қаламыздың мәртебесіне сай болуға міндетті. Сол сенім үдесінен шығып та жүр.

– Жергілікті билік оқу­шы­­лардың мамандық таң­дау жағынан қателеспеуін ескеріп, бірнеше игі шараларды қолға алды ғой. Қа­зір соның нәтижесінде негізгі қажеттіліктердің өтелетін түрі байқала ма?
– Иә, бүгінде мектеп тү­лек­терінің мамандықты дұ­рыс таңдау жолына бағыт­талған игі жұмыстар көп­теп жүргізілуде. Мысалы, мектеп психологтары мен мұға­лімдері сынып сағат­тарында оқушыларға ақпараттық тү­сін­діру шараларын өткі­зу­мен қатар, сауалнама жүргізеді. Сол сауалнамада әр оқушы­ның қабілеті, ынтасы, белгілі бір мамандыққа деген бейім­­­­ділігі айқындалады. Со­­ны­мен қатар, қала колледждерінде де кәсіпке бау­лу мақ­сатын­да өткізілген «Ашық есік күндері» іс-ша­ра­сында мектеп тү­лектері бо­ла­шақ маман­дықтарын иге­ріп жатқан студенттермен кездесіп, олардан бағыт-бағ­дар алып жүр.

– Осы орайда ең алдымен мектептегі оқулық сапасы да маңызды рөл атқара­ды десек, осы бір даулы мә­селенің шешілу жолдары қалай болып жатыр?
– Астана қаласының Білім басқармасы жыл сайын оқу­лықтар, оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттер сатып алуды жоспарлаған кез­де, ең алдымен Білім және ғылым министрлігінің бұй­ры­ғымен бекітілген жалпы білім бере­тін мектептерге пай­да­лануға ұсынылатын тізбе­лерді бас­шылыққа алады. Барлық оқу­шыларды кітап­тармен және оқу-әдістемелік кешен­дермен тегін 100 пайыз қам­тамасыз ету жергілікті бюджет арқылы жүргізілуде.

– Ал, елорда жастарының халықаралық кеңістікте таны­луына жыл бойы қан­дай жағдайлар жасалды?
– 2012-2013 оқу жылында барлық деңгейдегі рес­пуб­ликалық және халық­аралық олимпиада, ғылы­ми, интеллектуалдық жарыс­тарға Астана қаласының 86 мың 663 оқушысы қа­та­рынан 23 мың 276-сы қа­тысты. Жекелеп айтар болсақ, Республикалық олим­пиада қорытындысы бойын­ша қаламыздың оқу­шы­лары биыл да жалпы коман­далық 1-орынды ие­леніп, барлығы 53 жүлделі орын­дарға (11 алтын, 17 күміс, 25 қола медальдар) ие болды. Астана қаласының оқушы­ларынан құралған коман­даға «Ең үздік команда – 2013» атағы берілді. Бұл жоғары мәртебені астаналық оқушылар командасы 2006 жылдан бастап иеленіп келеді. Ал, халықаралық ынты­­мақ­тастықты дамыту мақ­­са­тында Америка, Әзер­бай­жан, Румыния, Ресей, Түр­кия, Грузия, сол сияқ­ты тағы басқа алыс және жақын шет ел­дерде ұйымдастырыл­ған олим­пиадалар мен ғылы­ми бай­қауларда біздің оқу­шы­лар 120 медальды қор­жы­нына салды. Оның 40-ы – алтын, 35-і – күміс және 45-і – қола медаль.

– Жөн екен. Сонымен қатар, Мемлекет бас­шы­сының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптас­қан мемле­кет­тің жаңа сая­­си бағыты» Жолдау­ын жүзеге асыру үшін қолға алын­ған ең маңызды жұ­мыс­­та­рыңыз қандай?
– Президент Жолдауында мектепке дейiнгi бiлiм берудiң жаңа әдiстерiне көшу керектігі айтылып, «басты мiндет – «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру» делінген. Әрине, бұл мәселе бойынша жаңа бала­бақ­шалар ашылды. Бұрын­ғы балабақшалар жанынан қосымша құрылыс салу жа­ғы да өз жалғасын табуда. Бұл тұрғыдан алғанда, 14 балабақша ғимараты қай­та­рылды. Тұрғын үйлер мен балабақшалар жанынан 20 шағын орталық ашы­лып, жұмыс жасауда. Сол сияқты, жеке балабақша­лар­ға мемлекеттік тапсырыс­тар қабылданып, жү­зеге асырылды. Қазір балалардың балабақшамен қам­тылу дең­гейі 61,9 пайызды құрайды. Мы­салы, 2006 жылы мемле­кет­тік бала­бақшалар саны 37-ақ болса, 2013 жылы ол көр­­сет­кіш 73-ке дейін өсіп отыр.

Оқушыларды тәрбиелеу бағытында атқарылып жат­қан іс-шараларға қаламыздың үкiметтiк емес ұйымдарын тартып, солармен бірлескен жұмыстар жүзеге асырылуда.
Жолдауда атап көрсетілген қашықтан оқытуды және он-лайн режимiнде оқытуды қосқанда, Астанадағы отан­дық бiлiм беру жүйе­сiне инновациялық әдiстердi, шешiмдердi және құрал­дарды қарқынды енгiзу бойынша бірқатар ауқым­ды істер атқарылды. 2009 жылдан бері Білім басқарма­сының жанындағы жергілікті интерактивтік студия жұмыс жасайды. Осы арқылы он-лайн режимінде әдістемелік көмек көрсету мақсатында пәндік сабақтар, семинарлар мен жиналыстар жүргізіліп, көптеген жергілікті орган­дардың қатысуымен тақы­­­рыптық іс-шаралар өт­кі­зі­леді.

– Өзіңіз кәсіби педагог ре­тінде елордалық мектеп ұжым­дарымен жүздесіп тұратын шығарсыз?Сондайда ұстаздар қауымы мен оқу­шылар тарапынан сізді таңқалдырған сәттерді ес­ке түсіріп көріңізші!
– Әрине, білім саласын басқарып отырғандықтан, бұл – басты міндет. Сіз айт­қандай, өзім педагог болған­дықтан, мектеп ұжымдарын­дағы инновациялық, техно­ло­гия­лық жетістіктер мені де қызықтырады. Педаго­гикалық ұжымдармен және мектеп түлектерімен жиі кездесу өткізіп тұрамын. Сонда, оқушылардың: «елордамыз – Астанамен бірге өсіп, қаланың жылдан-жылға гүлденіп, өркендеуіне өз үлестерімізді қосып жатырмыз» деген сөздері қатты қуантты. Мені балалардың Отанына деген патриоттық сезімдерінің жоғары болуы, әрқайсысының маман­дықтар бойынша мақсатты таңдауын жасай білуі де қы­зық­тыра түсті. Сонымен бір­ге, биыл мектеп бітіргелі отыр­ған оқу­шы­лардың 90 пайы­зы жоғары оқу орын­да­ры­на түсуге талап таны­тып отыр. Олардың «Қазақстан­да мемлекеттік тіл – қазақ тілі болғандықтан, оның дең­гейін көтеруге бағыт­тал­­ған іс-шаралар көп жүр­­­­гі­­­зілсе», «тіл үйрену от­ба­­сын­­дағы тәр­бие­ден бас­­­та­ла­­тын­­дық­тан, насихат­тау жұ­мыстары, көр­некі ақпа­­рат­тық жарна­малар жиі көр­се­­тіліп тұрса» деген ой-ниет­тері жандү­ние­ме өте кере­­мет әсер қал­дырды.

– Әлгінде ғана биыл ба­­ла­­­бақ­шалардың саны 73-ке жет­кендігін тілге тиек ете кеттіңіз ғой. Енді, мем­ле­­­кет­тік және пәтер іші­нен ашы­лып жат­­қан жеке­мен­шік балабақ­ша­лар­дың артуы мәселесі жө­нінде не айтар едіңіз?
– Шынымен де мемлекет­тік балабақшалармен қатар, пәтер ішінен ашылып жат­қан жекеменшік балабақ­ша­лардың саны да жыл сайын артуда. Оның бір тиім­ді тұсы – мектепке дейінгі ұйымдарға орын тап­шы­лық мәселесін шешуге оң ықпа­лын ти­гізіп, кадрлар да жаңа жұ­мыс орын­дарымен қам­тама­сыз етіледі. Бұл жө­нінде айтарым – осы.

– Әңгімеңізге рахмет!

Қысқа-нұсқа

– 63 жасқа дейін қызмет атқаруға дайынсыз ба?
– Бұл сауалыңызға былай жауап берер едім: алдымен адам баласына тынбай еңбек ету үшін денсаулық керек. Денсаулығым жақсы болып жатса, өзімнің маңдай теріммен жинаған еңбектегі бар тәжірибем мен білім-білігімді өскелең ұрпақтың игілігі үшін әрі қарай пайдалансам деймін.

– Басыңыздан өткен бір қызықты оқиғаңыз…
– Басымнан өткен қызық­ты оқиғам… Ол кезде біз от­ба­­сы­мызбен Ресейде тұра­­­­тынбыз. Сонда, яғни 14 жа­сымда көрші балалармен «Жү­зік салу» ойынын ойнай­­­­тын­быз. Ойынның ере­­же­­сі бой­ын­­ша ішіңнен бір тілек тілеуің керек. Ал, ме­нің сол кезде ойлағаным – Қа­зақ­­стан­ның астанасында өмір сүру еді. Сол арманым 30 жылдан кейін бір-ақ орын­­далып, бүгінде елордада ба­қыт­­ты ғұмыр кешіп жат­қан жайымыз бар.

– Реті келгенде бүкпесіз шындықты айта аласыз ба?
– Адам баласы әрқашан шын­дықпен өмір сүру керек! Сон­дықтан менің өмірдегі ең бі­рінші ұстанымым – тек қана шын­дықты айту.

– Өтірікті ше?
– Жоқ, өтірік айту дұрыс емес деп санаймын.

– Сіздің хоббиыңыз не?
– Менің хоббиім – кітап оқу. Оның ішінде қазақ, орыс және шетел жазушыларының, атап айтқанда, А.Құнанбаев, Ф.Оңғарсынова, А.Чехов, Ш.Айтматов, Д.Голсуорси еңбек­­терін сүйіп оқимын. Ал әрқа­­шан жанымнан табыла­тын кітап – Елбасымыз Нұр­сұл­тан Әбішұлының «Халық­тың ойымен бөлісемін» атты еңбегі.

– Ең ерекше қуанған сәтіңіз?..
– Мен үшін ең қуанышты сәт – немерелерімнің дүние­ге келуі. Одан асқан бақыт жоқ-ау, сірә?!.

– Өкінішіңіз бар ма?
– Өкініш дегеніміз – мы­на сынаптай сырғыған уақыт­тың зымырауы дер едім. Бі­рақ, әлі де болса отбасым үшін, елі­міз үшін көптеген іс­­тер­­ді жүзеге асыра бергім келеді.

 

Еркеғали БЕЙСЕНОВ, «Астана ақшамы» газеті

Рубрика: