АЛТЫНОРДА
Новости

Арықтау қиын деп кім айтты?

photo (2)Арықтау үшін қатаң диетаға отырып, өмір тәртібін түгелімен өзгерту керек деседі. Қыздардың көбісі қиындықтарға төзбей, диетаны жарты жолда тастап, ниеттерінен айнып қалады. Бұл сұрақ екі қыздың бірін ойландыратын мәселе болғандықтан, оған қол жеткізудің басқа жолдарын іздейік.

Диетологтардың айтуынша, артық салмақ тастау үшін рационға кішігірім өзгерістер енгізу жеткілікті.

Картопты бататпен алмастырыңыз

Батат – картоптың тәтті түрлерінің бірі. Ол қарапайым картопқа қарағанда ағзаға толықтай сіңіп, аштық сезімін ұзаққа басады. С дәруменіне және бета-каротинге бай батат асқазанда ауырлық сезімін тудырмайды, артық салмаққа әсер етпейді. Батат терінің жағдайын да жақсарты алады. Картоптың мұндай ерекше түрін әмбебап дүкендерден алуға болады, оның бағасы қарапайым картоптан артық болғанмен, пайдасы мол. Қазірде елімізде картоптың осы түрін өсіру жоспарда бар.

Қарапайым бөлке нанның орнына дәнді нан алыңыз

Жалпы рационыңыздағы ұнның шамасын барынша азайтқан дұрыс. Ұнға дейін өңделмеген, дәннен пісірілген нан құрамында В және Е топтарының дәрумендері, мырыш пен селен сынды минералдар, антиоксиданттар мен басқа да пайдалы заттар бар.

Шөп шайларын ішіңіз

Қара шайды күнделікті көп мөлшерде ішу бүйрек үсті безіне қауіпті болатындығы дәлелденген. Шайға құмар жандар қара шайды жеміс-жидек қосылған гүл күлтелерден жасалынған не емдік шөп шайларымен алмастырған дұрыс. Айта кетсек, қазірде түрлі дәмдеуіштер, тіпті жаңғақтар қосылған шай түрлері де бар. Емдік шайлар ағзада артық судың жиналып қалуына бермейді, соның арқасында әжептеуір салмақ тастай аласыз.

Сүт өнімдерінің арасынан қой не ешкі сүтінен жасалған өнімдер таңдаңыз

Қой не ешкі сүтіндегі молекулалар сиыр сүтінен әлдеқайда жеңіл. А және В тобының дәрумендері де бұл сүт түрлерінде көбірек, жалпы мұндай сүт пен оның өнімдері пайдалырақ болады. Нәтижесінде бұл сүт артық салмақтың жиналуына әсер етпейді.

Шоколадтың арасынан како көп қосылған түрін таңдаңыз

Шоколад иммунитетті берік қылып, зат алмасуды жақсартады, жүрек ауруларының алдын алады. Құрамындағы антиоксиданттарсанынан ол қызыл шарап не жасыл шайдан да асып түседі. Бірақ бұның бәрі тек қара, какао көп қосылған шоколадқа қатысты айтылған. Сүтті шоколадтан бас тартып, құрамында какао басым ащы шоколадқа назар аударыңыз. Тәттіге деген құмарлығыңызды осындай шоколадпен қанағаттандырсаңыз, түрлі бәліш пен торттарды жемей, артық салмақ жинамайсыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: lifehacker.com.au

 

http://massaget.kz/bastangy/Zdorove/13871