Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

ггггг5 қарашада Ереванда Армения президентінің резиденциясына бармақ болған ондаған ұлтшыл мен полиция арасында қақтығыс болды. Оқиға барысында кемінде 37 адам ұсталғаны хабарланды.

Арменияның Цегакрон ұлтшылдар қозғалысының жетекшісі Шант Арутюнянның жақтастары Ереван орталығындағы Маштоц даңғылының бойымен жүріп өтпек болған. Бұған дейін пікірлестерімен бірге елде «революция жасап», президент сарайын «жарып жіберу» туралы мәлімдеген Арутюнянның өзі де ұсталған.

Маштоц даңғылын полиция бақылауға алған. Билік орындары қақтығыс салдарынан көптеген құқық қызметкерлері зардап шеккен деп хабарлады. Ауруханаға түскен 18 адамның арасында 8 полиция қызметкері мен 16 жастағы бір жасөспірім бар.

 

http://www.azattyq.org

Рубрика: