Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 14 сәуір. Baq.kz – Жаңаөзен қаласында спутниктік антеналармен күрес әлі де жалғасын тауып келеді, — деп хабарлайды Лада.кз.

Жаңаөзен қаласының әкімі Серікбай Тұрымов көпқабатты тұрғын үйлерде тұрып, спутниктік антеннаға иелік ететін қала тұрғындарымен сан түрлі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын мәлімдеуде. Жаңаөзендік билік өкілдерінің айтуынша, спутниктік антенналар қаланың сыртқы келбетіне нұқсан келтіріп тұрған көрінеді.

Естеріңізге сала кетейік, аталған қалада мұндай шаралар 2012 жылдың қаңтар айында қолға алынған болатын. Жұмыс әлі де з жалғасын тауып келеді.

Ал халықаралық «Әділ сөз» қоғамдық қорының президенті Тамара Қалееваның мәлімдеуінше, осы жайтқа қатысты «Телерадио тарату туралы» мен «Жекеменшік мүлік туралы» Заң жобаларының баптары бір-біріне кереғар екен.

— Егер спутниктік тәрелкелер азаматтардың өз мүліктері болып табылса, онда «Жекеменшік мүлік туралы» Заң жобасына сәйкес оларды иесінің рұқсатынсыз ешкімнің де алып тастауға құқы жоқ, — дейді ол.

http://baq.kz/kk/news/45788

Рубрика: