Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Әншілерден шаршадық...Алмас Темірбай:

…Ештене оқымайтын, ештене білмейтін, интеллектісі төмен әншілерден шаршадық! Сорлы қазақты аяйсың! Материалдық байлығын тонап жатқандар бір басқа, рухани байлығын тоздырып жатқандардың көпшілігі – осы жаңадан шыққан жас әншілер… Әлемді музыка басып барады, үйде де, түзде де, машинада де, интернетте де, ТВ-да да миды жейтін музыка! Мағынасы жок сөздер, қисыны келмейтін ойлар, миыңа сыймайтын жасанды сезімдер, әншілер өздері нені айтып тұрғанын толық түсінбейді! Бір-екі жері ұйқасса, болды, ішінде «жаным», «сағындым» «сүйемін», «махаббатым», «елім, жерім», «қазағым» деген сөздері болса, болды, момын, үндемес қазаққа жарап жатыр дейтін болуы керек… Қазақ тілін онсызда шала білетін жұртқа, «екі дүния — бір қадам»! Әндері -өкінішті махаббат мен жалған патриотизм… Бізге қазір біліне қоймауы мүмкін, ал уақыт өтіп жатыр, жас ұрпақ соларға карап өсіп келеді… Үлгі-өнеге боларлық, ән арқылы азаматтық, адамгершілік қасиеттерін оятар өнегелі дүниелер жоқтын қасы… Осылай әндетіп жүре берсек, 2050-ге дейін азып-тозған елге айналамыз ба деп қорқам… Бетін аулақ қылсын!

http://www.turkystan.kz/kz/articles/view/39441

Рубрика: