Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

10(233)«Арнау» тобының әншісі Салтанат Бақаева өнер мен отбасын қатар алып жүрген қыз-келіншектердің қатарынан. Өзі сұлу, өзі өнерлі әншінің айрандай ұйыған отбасы бар. Ол екі бірдей ер баланың анасы. Ибалы келін, аяулы жар, қамқор ана, халқына сүйікті әнші Салтанат Бақаевадан қыз-келіншектерге 7 кеңес:

1. Ең бастысы, жолдасыңды сыйлау керек деп ойлаймын. Өйткені, сыйластық отбасын сақтап тұрар бағалы сезім.

2. Әр ер жігітттің арманы — әке-шешесін құрметтейтін жар табу. Үлкен кісілердің көңілін таба білсең, ер адамның жүрегіне жол ашық деп білемін.

3. Әрдайым әйел адам өз-өзіне қарау керек киім, шаш үлгісімен жұмыс істей білу, яғни өзіне деген махббат болу керек.

4. Жолдасымды “сенікі дұрыс” деп жеңем. Бірақ, кейін ашуы басылғанда өз ойымды айтамын.

5. Жұмыста не болмаса басқа жағдайда қиналып қалған сәттерде жолдасымның ақылын тыңдап немесе кеңес қажет кездерде ой-пікірін білуге тырысамын. Ол әрқашан маған дұрыс жол сілтеуге дайын.

6. Менің жолдасым мені қуантқанды жақсы көреді. Ол үшін өзіңнің сыйлыққа лайық екеніңді білдіру керек.

7. Әрине, қай-қайсымызда бір үйдің аялаған ерке қызымыз, алайда, кішкентай қиыншылық кездессе “кетемін” деудің қажеті жоқ, шыдамды бола білу керек.

http://alashainasy.kz/

Рубрика: