АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ӘНШІ ЭНРИКЕ ИГЛЕСИАС САХНАДА ЖАРАЛАНДЫ

 скачанные файлы (1)Демалыс күні Испанияның танымал әншісі Энрике Иглесиас Тихуана қаласында (Мексика) берген концертінде сахнада ән айтып жүріп жараланып қалды, деп хабарлайды «РИА Новости» Мексиканың «La Razon» порталына сілтеме жасай отырып.
Куәгерлердің айтуынша, әртіс ән айтып тұрғанында секіріп, дрон — концертті түсіру үшін қолданылатын шағын басқарылатын ұшу құралын ұстап алмақ болған. Иглесиас көрермендерін суретке түсіру үшін осыған ұқсас әрекеттерді бұған дейін де жасап көрген, алайда бұл жолы сәтсіз шығып, бірнеше саусағын қанға бояды. Дәрігерлер концертті тоқтату қажеттігін талап еткенімен қанға бөккен киімімен әнші концертті аяғына дейін жеткізді.

http://zhebe.com/