Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Лондон қаласының батысында орналасқан Ричмонд елді мекенінде «Анна Каренина» кинофильмінде Кира Найтли киген костюмдердің көрмесі ашылды. Экспозиция әлемнің әр түкпірінен келетін қонақтар үшін 4 сәуірге дейін жұмыс жасайтын болады.

«Анна Каренина» киімдерінің авторы Жаклин Дюрран бұрындары да Джо Райт пен Кира Найтлимен жұмыс жасаған болатын (Әңгіме 2007 жылы жарық көрген «Искупление» кинофильмі жайында). Дизайнер кино қоюшы режисермен және дарынды актрисамен қайта жұмыс жасағанына разы.

Жаклин Дюрран Кираның өз киімдеріне аса мұқияттылықпен қарап, оларды тігу кезінде басы-қасында жүргенін айтады. Ол үнемі өзінің кинода қандай киім кигісі келетін айтып, киім авторының жанынан табылған. Режисер дизайнерден киімдердің барынша театр сахнасына сай болуын сұраған.

Әр көйлекті жасау үшін 50 сағат уақыт кетіпті. Өйткені оларды дайындауға барынша аз уақыт бөлінген көрінеді.

«Анна Каренина» кинофильмінің киімдерінің авторы «Ең үздік дизайнер» ретінде «Оскар» сыйлығын иеленді. Ол бұл сыйлықтың өзі үшін үлкен жеңіс екендігін айтуда.

Л. Толстойдың «Анна Каренинасы» 2012 жылдың күзінде әлемдік прокатқа жол тартқан.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

 

http://massaget.kz

Рубрика: