Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 ТҮРКИЯ . 11 ақпан. BAQ.KZ – Жақында «Анкара Қазақ Жастары» бірлестігі мен «Сана» интеллектуалды клубы бірлесіп «Қазақ» газетінің 100 жылдығын Анкарада атап өтті.

 Басқосуды Алматы қаласы маңында ұшақ апатынан қаза тапқан 21 отандасымызды тік тұрып, бір минут үнсіз еске алумен бастаған Түркияда оқып жүрген барша тәлімгерлер қайғыға ортақ екендіктерін білдірді.
Алаш арыстары Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатов сынды алыптардың табанды еңбегінің нәтижесінде, 1913 жылдың 2 ақпанынан бастап Орынбор қаласында жарық көре бастаған ұлт баспасөзінің басында тұрған бас басылым хақында Ыстамбұл университетінің докторанты, «Сана» клубының жетекшісі Ержан Төлек ауқымы кең баяндама жасады. Ұлы серпіліске сеп болып, бес жылдан аса уақыт ұлтымыз руханиятына өлшеусіз еңбек сіңіре жарияланып тұрған газеттің шежірелі тарихы мен мақалаларының мазмұны шебер талданды. Ұлттық жаңғыруымыздың қозғаушы күшіне айнала білген Алаш зиялыларының өлмес өнегесі, өшпес еңбектері жайлы жан-жақты мәліметтер беріліп, «Қазақ» газеті турасындағы мағлұматқа бай «Алашорда» деректі фильмі жастар назарына ұсынылды. Алаштануда өзіндік айқын қолтаңбасы бар режиссер, кинодокументалист Қалила Омаровтың тың деректерге негізделген фильмін жастар үлкен сүйіспеншілікпен тамашалады.
Мазмұнды мәжіліс қорытындысында, бірлестік жетекшілері – Ерлан Алашбаев пен Дінмұхамет Келесбаев сөз алып, ат арылтып жеткен әріптестеріне ризашылықтарын білдіріп, ілтипат белгісі ретінде қонақтарға кәдесыйлар тарту етті. Сұлтанмахмұт Торайғыров атамызша айтқанда, «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болған» Алаш ардақтыларының ғазиз есімдері қазақ ұлтымен мәңгі жасай беретініне және сол бір ұлы мұраттан қуат алып, ұрпақтық борышты сезіне, жарқын болашаққа батыл қадам баса беретіндіктеріне деген кәміл сеніммен тарқасты жалынды жастар.

 

http://baq.kz/news/23130

Рубрика: