Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 20 ақпан. Baq.kz – Темза жағалауындағы үйлер су тасқынының салдарынан арзандап кетті. Сарапшылардың айтуынша, бағасы құлдыраған баспаналар сақтандырылмаған. 

Айта кетейік, қаңтар айында Англияда аса көп мөлшерде жауын-шашын түсті. Табиғаттың мұндай тосын құбылысы 1766 жылдан бері болмаған. Салдарынан, Чертси, Эгем, Датчет қалаларындағы 5,8 мың үй су астына кетті. Тағы 55 мың үй қауіпті аймақта. Олар суға кетсе Англия экономикасына 21 млрд фунт шығын келеді деп хабарлайды «Интерфакс».
«Су тасқыны үйлердің бағасына қатты әсер етуде. Тіпті, кейбір коттедждердің құны екі есеге дейін төмендеп кетті. Алайда, оларды сату мүмкін болмай отыр» дейді жергілікті риэлторлардың бірі.
Дегенмен, табиғаттың тосын мінезі Лондондағы баспана бағасына әсер еткен жоқ. Мұнда 2009 жылмен салыстырғанда үйлердің құны 40 пайызға қымбаттаған.

http://baq.kz/kk/news/43829

 

Рубрика: