Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Бүгінде жұрт тамсана көретін «Келін» телесериалында басты рөлде ойнаған Ананди – Авика Гордың қазақстандықтарды да селт еткізгені анық. Бәрінен қызығы, өзін Қайрат Құралұлы деп таныстырған оқырманымыз Анандиге арналған ғашықтық хатын да жазды.

Алайда осы хат біреулердің көңіліне келген сыңайлы. Қайраттың хатына наразы болған Азаматтың пікірін оқып көріңіздер…

Құрметті Ананди!

Саған айтар ақылым, өзіңе хат жазып отырған Қайраттың сөзіне сенбе! Мұны мен жастық шақта болатын сезім сергелдеңі дер едім. Одан гөрі махаббатыңды өз елің­нен ізде. Өміріңдегі бақытты тір­шілікті тек Үндістаннан табасың.

Сенің де жүрегіңде жүрген ада­мың барына сенемін. Ол тек үнді жігіті болғанын қалар едім. Сендер жақтың жігіттері сезімтал келеді. Ондай жерде махаббатқа берік сенім де орнықты боларына дауым жоқ. Саған қазаққа келін болғаныңнан не пайда? Не қазақ тілін, не орыс тілін білмейсің. Өнер­де өз орныңды табарыңа кү­мә­нім бар. Сондықтан үкілі үмі­тіңді үнді жігітімен байланыстыр.

Қадірлі Қайрат!

Менің бұл пікіріме ренжіме. «Ке­лін» телесериалы арқылы Анан­диді мен де жақсы көріп кет­тім. Бірақ өзімнің тағдырымды үнді қызымен байланыстырғым келмейді.

Менің бар арманым – бір қазақ қызын бақытты ету. Қазақ қыздары үнділік құрбыларын он орап алады. Сұлу десең сұлу, ақылды, мәдениетті, ұлт рухынан қол үзбеген бойжеткендерімізді жатқа қимаймыз. Оларды бақыт­ты ету әрбір қазақ жігітінің боры­шы болуы тиіс.

Үнді киноларының сезімге, махаббатқа құрылатындығында дау жоқ. Оқиғалары да шым-шытырық. Біз түгілі ата-аналары­мыз да кезінде ауылда от жағыл­майтын ескі клубтарда қыстың қақаған күндерінде тон киіп оты­рып та үнді киноларын көрген. Оның жанында біз бақытты ұр­пақпыз. Осыны дұрыс түсініп, бола­шаққа дұрыс қадам жаса­ғанымыз жөн секілді.

«Теледидардан сені көрген соң, саған деген көңілімнің өз­геше екендігін байқадым. Қыс­қасы, сені ұнатып қалдым. Алайда мекенжайыңды, телефоныңды қайдан табамын? Тапқан күнде де ағылшын тілін білмейтіндігім де қолбайлау болары анық» деген пікіріңде орынды ұсынысты байқадым. Расында да, бізге орыс тілінен гөрі ағылшын тілі өте қажет болып тұр. Келешекті де осы тілмен байланыстыруға бо­лады. Бірақ мектеп түгілі жоғары оқу орнын бітіріп те ағылшын тілін меңгере алмаған қыз-жігіт­тер көп. Кінәлі – өзіміз. Тіл білген кісінің тірегі мықты заман туды. Осы тіл арқылы Ананди секілді арулармен танысу былай тұрсын, шетелде емін-еркін жүріп, биз­нес­ті де қиналмай игересің. Сон­дықтан Қайрат секілді замандас­тарымды жас кезде білімді ба­рынша игеруге шақырар едім.

Ең бастысы, Қайрат секілді азаматтар елдің бағын ашуға, қазақ қыздарының мерейін өсі­руге барын салуы тиіс. Мәңгілік махаббатыңды өз еліңнен тауып, өз ұрпағыңды – қазақтың ұрпағын өсіргенге, оларды мықты азамат етіп тәрбиелегенге, олар елге адал қызмет етуді үйренгенге не жет­сін!

Азамат АЙТУҰЛЫ, Павлодар қаласы

http://www.aikyn.kz/articles/view/51304

Рубрика: