Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 4 сәуір. BAQ.KZ – Жетiсу жерiнен табылып, бүгiнгi күнде Қазақстанның азаттық символына айналған “Алтын Адам” керуенi қасиеттi Түркiстан жерiне ат басын тiредi, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

М.Тынышбаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейiнiң ұйымдастыруымен “Жетiсудың Алтын адамы” атты көрменiң ашылу салтанаты Қ.А.Яссауи бабамыздың кесенесi алдында өттi. Қала әкiмi Б.Әшiрбеков алғашқы сөздi бастап, “Әрбiр адам өзiнiң туып өскен жерiнiң, елiнiң тарихын бiлуi керек. Бүгiнгi күн жас ұрпақ есiнде мәңгiге қалары сөзсiз. Өйткенi, киелi қаламызға әкелiнген құнды жәдiгердi көрiп, ата-бабамыздың тарихи iз қалдырып, ұлттық қасиеттердi осынау құнды жәдiгер арқылы жеткiзiп тұрғанына тәнтiмiз. Елбасымыздың “Мәңгiлiк ел” идеясын осындай құндылықтарымыз арқылы жүзеге асырып, осындай игiлiктi iс-шараларды көбiрек өткiзу арқылы Мәңгiлiк ел боламыз” деген қала басшысы керуендi бастап келген Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейi директорының орынбасары Жеңiс Хамитұлына алғысын жеткiзiп, Алғыс хат пен Қ.А.Яссауи кесенесiнiң суретiн тарту еттi. Бұдан кейiн “Әзiрет Сұлтан” қорық мұражайының директоры Мәулен Садықбеков сөз сөйлеп, көрменiң ұйымдастырушыларына рахметiн айтып, оларға сый-сияпат жасады. Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейi директорының орынбасары Жеңiс Хамитұлы “Жетiсу жерiнiң баға жетпес тарихи құндылықтарын насихаттаумен қатар, сiздерге Жетiсу жұртшылығының ыстық ықыласын ала келдiк” деген игi тiлегiн жеткiзiп, арнайы алып келген сый-сияпаттарын тапсырды.

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

http://baq.kz/kk/material/519

 

Рубрика: