Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 14 ақпан. Baq.kz Тарихта қанқұйлы диктаторлар туралы алыпқашпа әңгіме жиі айтылады. Оның ішінде шындығы мен өтірігін айыру қиын. Бәрінің мәтіні бір, «болған екен-мыс», «сүйткен екен-мыс» деп кете береді… Дегенмен тарихта «Алты негр баласы» деген атпен үшінші Рейх басшыларын құтқару жөніндегі атақты операция жөнінде көп айтылмайды. Бәлкім, мұнда үлкен бір құпия жатқан болар.

Жалпы, «Алты негр баласы» де­ген операция қай кезде болды, оның артында кімдер тұрды, кім­дер ажал қақпанынан сытылып кетті? Енді құпиясы мол осы та­қырыпты қолымыздан келгенше суыртпақтап көрелік. Осыдан 67 жыл бұрын – 1946 жылдың 16 қазанында Нюрнбергте үшінші Рейх басшыларын соттап, дарға асуға шешім шығарылды. Ха­лықаралық әскери трибу­налдың үкімін орындаушы бас жендет, АҚШ армиясының сержанты Джон Вуд еді. Бірақ дар тұзағын мойнына үшінші Рейхтың бар­лық басшылары ілді деп айту қа­те. Келіп тұрған ажалдан бас сау­ғалап құтылып кеткендер де бар. Мәселен, үкім орындалардан бұрын үшінші Рейхтың басты тұлғаларының бірі Герман Геринг у ішіп өлді. Сөйтіп, мойнына қыл бұрау салдырмады.

 

Мартин Борман – тұт­қынға түспей, аман-есен құтылып кет­кен­дердің бірі. Халықаралық әс­кери трибуналдың уысына түспей кеткен ең зор қылмыскер – Гитлер. Дәл сол тұста ол «өзін-өзі өлтірді» деп айтылғаны бел­гілі. Бірақ оның өліміне КСРО басшысы Сталин де, кеңес әс­керінің қолбасшысы Жуков та сенбеген. Бәлкім, бірдеңені сез­ген болар… Шындығында, 1945 жыл­­дың 30 сәуірінде Гитлерді, оның зайыбы Ева Браунды және Бор­­манды отқа оранған Бер­лин­нен алып шығып, шетелге аттан­ды­рып жіберу үшін «Алты негр ба­ла­сы» деген атаумен атақты опе­рация жүзеге асырылды. Гит­лер мен Еваның орнына оның сы­ңарлары өлтірілді, өртелді… Сөйтіп, із жасырылды. Әлем жұр­тын алдады. Ал ХХ ғасырдың бас қыл­мыскері аман-сау Латын Аме­рикасына қарай жол тартты.

 

Кейбір деректер Гитлер Ар­ген­тинада, сосын Парагвайда 1972 жылға дейін жасырын атпен өмір сүрді дегенді келтіреді. Со­лай да болар. Өйткені «Алты негр баласы» операциясының алға қой­ған мақсаты да осы еді. Ан­ти­гитлерлік коалицияның гене­рал­дары дарға асылған фашистік Германия басшыларының ішінде «Иоахим фон Риббентроп ажал­ды қаймықпай қарсы алды» деп еске алады. Өзгелерге қарағанда, ол қыл тұзақты мойнына өзі са­лып, «О, құдайым, Германияны құт­қара гөр» деп айқай салған. АҚШ конгресінің айрықша қо­рында «аса құпия» деген белгі со­­ғылған кейбір құжаттарға қол жет­кізіп, зерттеу жүргізген кеңес елінің тарихшысы Валерий Милый «Риббентропты амери­калықтар өлтіргісі келмеген еді. Өйткені ол «Алты негр баласы» деген кодтық атауы бар опера­цияның үтір-нүктесіне дейін біл­ген. Америкалықтар опера­цияның құпиясын ашу үшін Риббентропты аман алып қала­мыз, ол үшін Гитлер қайда жасы­рынды, соны айт» деген ульти­матум қойған» деп жазады. Бі­рақ үшінші Рейхтың алдындағы адал­дығын өмірінің соңына дейін сақтаған Иоахим фон Риббентроп тіс жармай кеткен көрінеді. Со­дан болар, «Алты негр баласы» ат­ты атышулы операцияның құ­пиясы бүгінге дейін ашылмай ке­леді. Америкалық арнайы қыз­мет өкілдері мен Риббентроп ара­сындағы «ақпаратттық сауда» не­ге байланысты болды? Бұл жө­нінде қазір Канадада тұратын Ва­лерий Милый құпия құжат­тармен жұмыс істеу барысында мынадай фактілер тапқанын жа­зады. «Гитлер мен оның ашы­насы Ева өлді» деп халықты сен­діру үшін олардың сыңар­ла­рын адам танымастай етіп өр­теген. Ол үшін жүздеген литр бен­­зин қажет болды. Өйткені өр­тенген мүрдені ешкім, ешқан­дай сарапшы дөп басып таппас үшін» дейді. «операция неге «Алты негр баласы?» деп аталды дегенге келсек, Гитлердің төрт, ал Еваның екі сыңары болды дегенді айтады. Екі сыңарды Гитлермен Ева деп Бункердің сыртына шығарып, адам танымастай етіп өртеп жіберген. Қалған төрт сыңар­дың қайда кеткені белгісіз» дейді зерттеуші. Сондай-ақ та­рихшы Адольф Гитлер мен Ева Браунның Еуропаны тастап, Ла­тын Америкасында жатқан Бол­вия мемлекетінде тұрғанына күмән келтірмейді. Тіпті Гитлер Болвияның сол кездегі диктаторы Стресснермен араласып тұруы да мүмкін деген болжам айтады. Кім білсін? Бәрі мүмкін. Деген­мен америкалықтар Сталин мен Жу­ков секілді Гитлердің өлгеніне тек күмән келтіріп қоймаған, қа­лайда оны тірідей ұстау үшін бү­кіл арнаулы қызмет ұйымының өкілдерін, жансыздарын Еуро­па­ға тарыдай шашып жіберіп, бір ілгек іздеген. Міндет – Гитлердің жа­сырынған жерін қалайда табу болатын. Бірақ ол нәтиже бер­ме­генге ұқсайды. Ақыры амери­ка­лықтар Риббентроппен «сауда» жасасқан. «Тірі қалғың келсе, Гит­лер жасырынған «апанды» айт. Әйтпесе…» Басында Риб­бент­роп өртенген мүрделер Гит­лер мен Еванікі емес екенін, оның орнына сыңарлары өлті­ріліп, өртелген деген ақпаратты айтқан көрінеді. Бірақ ары қарай сыр ашпаған күйі өзін құрбан­дық­қа шалуды ұйғарған.

 

Міне, берген антына таза адам деп осыны айт! Оқиға былай болған көрінді. Гитлерді, оның әйелі Еваны және Бор­манды құтқару жобасын жасаған фюрердің сүйікті де сенімді ада­мы Отто Скорценнің бұйрығы бойынша «өз-өзін өлтірген» Гитлер мен әйелінің денесін бун­керден шығарып, өртеп жіберу Гитлердің көлігін жүргізуші Эрих Кемпка атқаруы тиіс болған. Сүйектерді өртеген Эрих кеңес әскерлеріне өз еркімен тұтқынға түсіп, Гитлердің жатқан жерін көрсетуі керек еді. Сөйтіп, кеңес елін және оның одақтастарын ал­дап соғуы тиіс-тұғын. Оқиға дәл Отто Скорцен құрған жоба бойынша өрбіді. Әлем халқы 50 миллионнан астам адамның басын жұтқан жендет гитлер өзін-өзі өлтірді дегенге сенді. Өр­тел­ген мүрделерді сарапқа сал­ған мамандар әбден адам та­нымастай күйіп кеткен сүйек­терді Гитлер мен Еванікі деп та­ны­ғаны белгілі…

Жауап беру барысында Гит­лердің жүргізушісі екі үлкен қа­телік жіберген көрінеді. Бірақ оны ешкім байқамай қалған. Бі­ріншісі, «Фюрер мен оның жарын өз қолыммен өртедім» деп тұрып алған Эрих «мүрделерге бензинді құйып болған соң, жанымда ба­қылап тұрған Гимлерден сіріңке сұрадым. Ол берді» деп қойып қал­ған. Шындығында, ол еш­кімнен сіріңке сұрамайтын. Оның қалтасында үнемі мылтық гильзасынан жасалған әдемі оттық жүретін. Оны Гитлер сый­лаған еді. Екінші өтірігі, «мүрде­лердің беті солдат одеялымен жа­­былған. Ашып көрген жоқ­пын» деуі.

 

Ақиқатында алас-күлес соғыс жүріп жатқанда, кім оларды әл­пештеп одеялға орап жүр дей­сіз. Мұның бәрін артынан қолға түскен фюрердің жеке дәрігері сұрақ-жауап барысында айтып бер­ген. Сондай-ақ бетіне плас­ти­калық операция жасап, қолға түсуден құтылып кеткен Отто Скорцен соғыс біткен соң, көп жыл­дан кейін америкалық та­ныс журналиске Гитлерді қалай аман алып қалғандарын жайып салған көрінеді. Оның айтуынша, «Гит­лердің пластикалық операция жасатуы әбден мүмкін. Өйткені ол өте айлалы еді» депті-мыс. Сен­беске болмайды. Бәрі мүмкін. Сон­дай-ақ ол үшінші Рейхтың бас­шылары үшін жасалған бун­кер тек бомбы мен снарядтардан ғана жан сақтайтын ұра емес, бір­неше қабаттан тұратын лаб­риндке ұқсас, шым-шытырық жо­лы бар мекен дейді. Сол үңгір жол­дарына темір жол орнатылған. Онда екі-үш адам сиятын вагон­дар жүріп тұрды. Ол жолдар Бер­линнің астын шарлап барып, бір қиырға шығып кетеді. Гитлер соны пайдаланды» дегенді айт­қан. Әрине, болар іс болған соң, кім қалай айтса да, не десе де – өз еркі. Бұған дейін де Гитлердің соғыстан кейінгі өмірі жөнінде шытырман әңгіме айтылған. «Гитлер Антарктида не болмаса Аргентинада өмір сүрді» деген қауесет бүгінгі күнге дейін тын­шыған жоқ. Мейлі ғой. Мұн­дай әңгіменің айтылуына Ресей ар­наулы орындарының бірінде құпия түрде сақтаулы тұрған Гит­лердің шекесін АҚШ, Ұлы­бри­тания, Франция сарап­шылары тағы бір тексергенде ол Гитлерді-кі емес, белгісіз бір әйелдің сүйегі бо­­лып шыққан. Осының өзі «Гит­­лердің Екінші дүниежүзілік со­ғыста аман қалыпты-мыс» де­ген үлкен әңгімеге кезек бергені бел­гілі. Соның бірі – «Алты негр ба­ласы» атты операциясы.

 

Сейсен ӘМIРБЕКҰЛЫ

Айқын

Рубрика: