АЛТЫНОРДА
Новости

Алматының мәдениет саябағында «динозаврлар» болады

Алматының мәдениет саябағында "динозаврлар" боладыАлматы қаласының билік өкілдері Мәдениет және демалыс орталық саябағында жүргізілген жұмыстар туралы айтты, — деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі. Мәдениет саябағы әкімдіктің коммуналдық меншігіне алынғалы бері мұнда кіру тегін болған, 1300 шаршы метрден асатын ауданға кілем тәрізді гүлзар отырғызылды, «Шабыт» жазғы амфитеатры ашылды, ал «Родина» кинотеатрының орнына динозаврлардың қозғалмалы макеті бар динопарк орналасатын болды. Ол 21 қыркүйек күні ашылады, онда 20-ға жуық экспонат болады.

«Бұрын саябақ жеке тұлғаның басқаруында болды, қала тұрғындары ол кезде саябақ қызметін жақсарту жөнінде көп ұсыныс айтты. Қала әкімінің тапсырмасымен саябақ қаланың коммуналдық меншігіне алынды. Содан бері оның аумағында жердің қатты жабынына жөндеу жасалды, 400 кәрі ағаш кесіліп, шығарылды. Енді саябақ аумағына көлік кірмейтін болды, жуырда 250 орындық жаңа автотұрақ ашылады. Ескі тұрақтың орнынадельфинарий орналасады, қазір инвестор қажетті құжаттарды рәсімдеп жатыр, құрылыс биыл басталады», — деді табиғи ресурстар басқармасының жетекшісі Алтай Рахымбетов.

Оның айтуынша, 2015 жылы Орталық саябақта веложолдар пайда болады. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Саябақты күтуге барлығы 150 млн теңге бөлінді. «Басты мәселе — аумақты автоматты түрде суару. Саябақ аумағы — 42 гектар, оны түгел суару қиын. 2015 жылы саябақты автоматты түрде суару жобасы іске асырылады, оның құны — 270 млн теңге», — деді Рахымбетов.

Журналистерге 2000 адамға арналған «Шабыт» амфитеатры көрсетілді. Бүгін, 9 қыркүйек күні кешкісін мұнда ресейлік KVATRO эстрада-опера тобының қатысуымен дәстүрлі «Оркестрлер шеруі» кеші ашылады. 10-11 қыркүйек күні көрермендер Дінзуһра Тілендиева жетекшілік ететін «Отырар сазы» ансамблінің және үрмелі аспаптар оркестрінің өнерін тамашалайды.

Айта кетейік, Мәдениет және демалыс орталық саябағында (бұрынғы Горький атындағы Мәдениет және демалыс саябағы) 38 әткеншек, 3500 адамға арналған аквапарк, ересектерге арналған екі және балаларға арналған тағы екі бассейн бар. Рахымбетовтың айтуынша, алдағы уақытта кейбір әткеншектер жаңартылуы мүмкін

Автор: Роза Есенқұлова

Толығырақ: http://alashainasy.kz/alash/almatyinyin-madeniet-sayabagyinda-dinozavrlar-boladyi-53834/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі