Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қысқы Алматы. (Көрнекі сурет)Бүгін Алматының орталығындағы Сейфуллин мен Райымбек даңғылдарының қиылысында жылу құбыры жарылып, үш адам жарақат алды деп хабарлайды жергілікті ақпарат құралдары.

«Холдинг Алматы жылу» мекемесінің хабарлауынша, диаметрі 800 миллиметр болатын құбыр жарылып, одан аққан ыстық судан үш адам күйіп қалған. Алдын-ала болжам бойынша, апатқа құбырдың тозуы себеп болған.

Апат салдарынан көп пәтерлі 63 үй, үш аурухана, 2 мектеп және 2 балабақша жылусыз қалған.

Қазір жылу жүйесіне қатысты мекемелер апат салдарын жоюмен айналысып жатыр.

http://www.azattyq.org/content/news/25258775.html

Рубрика: