АЛТЫНОРДА
Новости

Алматыда жарылыс болғаны хабарланды

Бүгін таңертең Алматыдағы Райымбек даңғылы мен Полежаев көшесінің қиылысындағы ғимараттардың бірінде жарылыс болғаны туралы ақпарат тарады. Қазір оқиға орны қоршалып, эвакуация жасалып жатыр.

Алматы қалалық полициясы баспасөз қызметі оқиға орнында дәрігерлер мен құқық органдары қызметкерлері жұмыс жасап жатқанын хабарлады.

– Әзірше ресми ақпарат жоқ. Оқиға орнында мамандар, құқық қорғау органдары, дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Кейін ресми ақпарат беретін боламыз, — деді ІІД баспасөз қызметінің өкілі Евгений Лысенко Азаттық тілшісіне.

Алдын-ала ақпарат бойынша, жарылыс 17 қараша күні шамамен таңертеңгі 9-да болған. Жарылыс болған мекеме Алматыдағы 3-кәсіптік лицей болуы мүмкін деген болжам айтылып жатыр. Алдын-ала мәліметке сәйкес, жарылыстан зардап шеккен адамдар бар, бірақ әзірге олардың нақты саны белгісіз.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141117/330/330.html?id=26695273