Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Алматыда пәтерінде шыққан өрттен 75 жасқа қараған шағында журналист, жазушы Эдуард Мацкевич қаза болды деп хабарлайды ҚазТАГ.

Қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің дерегінше, өрт бүгін таңертең жергілікті уақытпен сағат 7.30 шамасында болған. Өрттен Эдуард Мацкевич тұрған пәтер түгел жанып кеткен. Өрт аумағы 50 шаршы метрді құраған.

Марқұмның ұлының айтуынша, өрттің неден шыққаны әзірше белгісіз. Өртке электр желісіндегі ақау себеп болуы мүмкін деген болжам айтылып отыр.

Шығыс Қазақстан облыстық газетінде, республикалық түрлі газеттер мен журналдарда тілшілік қызмет атқарған Эдуард Мацкевич Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау тақырыбына арналған «Экологический курьер» газетінің ұйымдастырушысы әрі тұңғыш бас редакторы болған.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140904/330/330.html?id=26566058

Рубрика: