Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

6edc36dd90a7f9fdf46524d238761565Алматыда мұғалімдер жалақыны «орташадан жоғары» деңгейге дейін көтеруді талап етуде. Бұл туралы бүгін «Білімді дамыту» қоғамдық бірлестігін құру туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында «Ар-Намыс» ҚР мұғалімдерінің РҚБ алматы филиалының төрағасы Ирина Смирнова мәлімдеді.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде мұғалімдер жалақысы өте өткір мәселелердің бірі. Қазақстандық ұстаздардың орташа айлығы шамамен 60 мың теңге.

«Жас мұғалім 40 мың теңге алады. Бұл ақша оның өмір сүруіне жетпейді, тіпті баспанаға да төлей алмайсыз. Ең жоғары жалақыны, егер бір емес бірнеше мектепте істеген жағдайда Алматы мен Астана қалаларының мұғалімдері алады. Ал бұл өз кезегінде білім сапасына кері әсер етеді»,- деп санайды И.Смирнова.

Оның айтуынша, Алматыдағы оқу үдерісіне бақылау органдарының жиі жүргізетін тексерістері кедергі келтіреді.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда Мұғалімдер күні қазанның алғашқы жексенбісінде атап өтіледі. Осы жылы еліміздің оқытушылары мерекені 6 қазанда қарсы алады.


BNews.kz «www.bnews.kz».

 

Рубрика: