Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Бүгін Алматы қаласындағы «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығында «China homelife 2014» және «China machinex 2014» атты көрме ашылды. Қарашаның 23-не дейін жалғасатын көрмеге Қытайдың 80-ге жуық өнім өндіруші компанияларының 10 мыңға жуық экспонаттары қойылған.

Алматы қалалық сауда және өнеркәсіп палатасының директоры Мұхтархан Бияровтың айтуынша, көрмеге күнделікті тұтынатын тапуарлармен қатар құрылыс және жол жөндеу техникаларының макеттері мен жабдықтары әкелінген.

«Бұл көрме Қазақстан кәсіпкерлерінің өздеріне серіктес табуына, тәжірибе алмасуға, болмаса Қытайда жаңа технологиялар саласында қандай жаңалықтар болып жатыр, соны білуге бірден бір себеп болады» деді Алматы қалалық сауда және өнеркәсіп палатасының жетекшісі Азаттық тілшісіне.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141119/330/330.html?id=26699372

Рубрика: