Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Бүгін Алматыда қала ішінде жолаушы тасымалдайтын автобустың қатысуымен болған жол-көлік апаты салдарынан жеті адам зардап шеккен деп хабарлады жергілікті баспасөз құралдары. Зардап шеккендердің арасында үш бала, жүкті әйел мен көлік жүргізушісі бар.

Оқыс оқиға түстен кейін, жергілікті уақытпен сағат үштің шамасында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, «Қазақфильм» ықшамауданында Есенәлиев көшесімен солтүстік бағытқа қарай кетіп бара жатқан 31-ші маршруттағы автобустың тежегіші істен шығып, төменге ылдилаған автобус әуелі жолындағы бірнеше жеңіл көлікке, ақыр соңында бұрылыста қарсы кездескен қоқыс таситын жүк машинасымен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол-көлік апаты салдарынан екі аяғына зақым келіп, жапырылған кабинада қысылып қалған автобус жүргізушісін көліктен құтқарушылар алып шыққан.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150118/330/330.html?id=26800200

Рубрика: