Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 18 ақпан. Baq.kz — Алматыны Иран аяролық бағдарламасы бойынша келіссөздердің кезекті раундын өткізетін орын ретінде таңдау келіссөздер үрдісіне қатысушылардың ортақ және консенсусты шешімі болып табылады, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ Ресми өкілі Алтай Әбибуллаев. Бұл туралы ОКҚ сайты хабарлап отыр.

 

Көлемі жағынан әлемдегі 4-орындағы ярдолық арсеналдан бас тартқан Қазақстан, халықаралық қауымдастық алдында ядролық қаруды таратпау жөніндегі танымал көшбасшы ретінде белгілі. 1991 жылдың 29 тамызында дәл осы Алматыда Мемлекет басшысы әлемдегі ең ірі Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

26 ақпан күні Алматыда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше 5 мемлекеттің, сондай-ақ Германия, Иран Ислам Республикасы және Еуропа Одағының қатысуымен Иран ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздердің кезекті раунды өткізіледі.

«Қазақстан келіссөздерге қатыспайды, бірақ қабылдаушы тарап ретінде біздің еліміз Алматыдағы келіссөздердің сәтті өтуі үшін барлық қолайлы жағдайларды туғызуға бар күш-жігерін салады», — деді Алтай Әбибуллаев.

ОКҚ Ресми өкілі «Алматыны Иран ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздердің кезекті раундын өткізетін орын ретінде таңдау келіссөздер үрдісіне қатысушылардың ортақ және консенсусты шешімі болып табылады» деп атап өтті.

Алтай Абибуллаев БАҚ өкілдері үшін «Intercontinental Almaty» қонақ үйінде баспасөз орталығы мен баспасөз конференциясы ашылады деп хабарлады. Келіссөздің өзі басқа ғимаратта өткізіледі.

«Келіссөздер барысында қатысушы мемлекеттердің ресми өкілдері БАҚ үшін баспасөз конференциясы залында бирфингтер өткізуі мүмкін. Келіссіөздердің қорытындысы бойынша жоспарланған соңғы баспасөз конференциясы да осы баспасөз конференциясы залында өткізіледі», — деді ол.

Қазіргі кезде ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдерін журналистік тіркеуді жалғастыруда. Бүгінгі күні 150-ден астам БАҚ өкілдері тіркеуден өтті. Журналистік тіркеудің соңғы күні 22 ақпан.

http://baq.kz/news/23439

Рубрика: