АЛТЫНОРДА
Новости

Алматыда Барбиге ұқсаймын деп, “тірі қуыршаққа” айналған қыздар көбейді

Алматыда Барбиге ұқсаймын деп, Психологтар “Барби қуыршағына ұқсағысы келетін бойжеткендер “сұлулық” сөзін дұрыс түсінбейді” деген пікірде. Бір қызығы, білікті фотомодельдер “тірі” Барбилердің басында таза ауадан басқа ештеңе жоқ деп болжайды.

 Алматыда Барбиге ұқсаймын деп,
Әлемде қуыршаққа ұқсағысы келетін қыздар бар. Сәнқойлар Қазақстанда да табылады. Линзаның көмегімен көздің қарашығын “ұлғайту”, жапсырма кірпіктер мен жарқын опа-далап біраз алматылықтың талғамына сай келген.

Қуыршақ бейнесі сәнді болғаны соншалықты, алып шаһарда мейкап жасайтын мамандар өз қызметтерінің тізіміне аталған стильді енгізген. Ал дүкен сөрелерінде көздеген мақсатқа тезірек жетіп, “тірі Барби” атануға қажетті заттардың бәрі пайда болды.

“Бәрі дүкеннен құбылмалы түстегі кірпіктерді көріп, сатып алуымнан басталды. Сонымен қатар, визаж жасау қолымнан келгендіктен, “бұл кірпік арқылы қандай макияж жасауға болады?” деген сұрақ туындады. Мен сынақ ретінде сырт келбетіме Барбидің бейнесін жасауға тырыстым. Бірақ түйгенім, тек ерекше жағдайда болмаса, күнделікті өмірде бұлай жүру қажет емес. Ал ота жасау арқылы қуыршақ кейпіне енгісі келетін қыздардың ойында түк жоқ”, – деді модель Мария Коленко.

Барбидің бейнесін жасауға тырыстым. Бірақ түйгенім, тек ерекше жағдайда болмаса, күнделікті өмірде бұлай жүру қажет емес

Сұраныс ұсынысты тудырды. Қазақстанда үлкен көлемдегі линзаларды табу қиындыққа соқтырмайды. Десе де, сән қуу тақырға отырғызуы мүмкін. Мамандардың сөзінше, бір қарағанда сан соқтырмайтын аксессуарлар шығынға батыруы ғажап емес.

“Бізде 500 түрлі линза бар. Олардың суреттері, түстері мен дизайндары сан түрлі. Бойжеткендер линза таңдағанда мұқият болғандары абзал. Контрафактілік өнімдерді сатып алмағандары жөн. Себебі жасанды дүниенің тигізер зияны көп. 16, 17 немесе 22 миллиметр көлеміндегі линзаларды елімізде қолдануға рұқсат берілсе (бірақ мен өзім көрмедім), ол тұтынушының таңдауы. Егер бұл контрафактілік және контрабандалық өнім болса, адамның денсаулығына қауіпті, яғни көздің көру қабілетін нашарлатып алуы мүмкін”, – деді линза сатумен айналысатын компания өкілі Бахтияр Әбдірахимов.

Оның айтуынша, оларда қызмет көрсететін кеңесшілер клиенттерге линзаны дұрыс қолдану турасында мәлімет береді. Әбдірахимов үлкен көлемдегі линзаларға қызықпауды ескертеді. Оның айтуынша, көздің қарашығын ұлғайтатын линзалардың максималды көлемі 15 мм-ден аспауы тиіс.

Бойжеткендер линза таңдағанда мұқият болғандары абзал. Контрафактілік өнімдерді сатып алмағандары жөн. Себебі жасанды дүниенің тигізер зияны көп

Бұл туралы көптеген қыздар білмейді. Сонымен қатар, үлкен линзаны таққан қыздардың көз қарастары суық және жансыз болады. Психологтың пікірінше, мұндай ажар мінсіз сән туралы бұрмаланған түсініктің нәтижесі болып табылады.

“Ата-аналар балаларына аса назар аударулары тиіс. Баланың өмірлерінен хабардар болу керек. Өзіне сенімді әрі жеке басына және қоғамға дұрыс баға бере алатын бала өсіру қажет. Өзін мысалға ала отырып, әр адамның жаратылысы әр түрлі екендігін түсіндірген дұрыс. Адам өзге адамнан мейкап арқылы емес, ой өрісі, іс-қимылы арқылы ерекшелетіндігін жеткізген жөн”, – деді психолог Елена Манжикова.

Оның айтуынша, әркім өз кейпін сақтап қалу арқылы да бақытты бола алады.

http://www.qazaquni.kz/?p=33779