Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Еліміздегі бірқатар БАҚ «Алматыда 50-ден астам көшенің атауы өзгертіледі. Көшелердің атауын ауыстыру үшін мемлекеттік бюджеттен қыруар қаржы жұмсалады» деген алып-қашпа ақпарат таратты. Біз осы мәселенің анық-қанығын білу мақсатында Алматы қалалық әкімшілігі Тілдер басқармасының ономастика жөніндегі бөлімінің мамандарымен тілдескен едік.  


Ресми дерекке жүгінсек, Алматыда екі мыңға жуық көше бар көрінеді. Осы көшелердің 158-нің атауы ел тәуелсіз­дігінің алғашқы жылдарында өз­герті­ліп­ті. Сондай-ақ 458 көшеге жа­ңа атау бері­ліпті. Алматы қалалық әкім­­шілігі Тіл­дерді дамыту, мұрағаттар жә­не құ­жат­тама басқармасы ономастика бө­лімінің бастығы Өтепберген Қалабай­­­­дың айтуын­ша, қала аумағында сонау кеңестік кезеңдегі атауымен әлі күнге келе жатқан 100-ге жуық көше бар екен. Деген­мен дәл осы көшелердің атауы­ның ба­сым көпшілігі әлдеқашан ескірген.

Анықтама

«Қазақстан Республикасының ономастика мәселелері жөніндегі кейбір заңдық актілеріне өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңы өз күшіне енген осы жылдың 24 сәуірінен бастап көшелердің атауларына қатысты жұртқа жарияланған ақпараттардағы грамматикалық қателер үшін қатаң түрде айыппұл салынатын болды. Мысалы, егер қате бір жыл ішінде қайталанса, онда шағын кәсіпкерлік пен коммерциялық емес құрылымдардың лауазымды басшыларына 10 АЕК –МРП ( АЕК – 1731 теңге), ал орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 20 АЕК, ал ірі кәсіпкерлік субъектілерінің басшылары болып табылатын заңды тұлғаларға 50 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

– Үстіміздегі жылғы 21 қаңтарда «Қа­зақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мә­селелері бойынша өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы» № 72-V заңы қабылданды. Бұл заң биыл 24 сәуір­де толық күшіне енеді. Осы Заңның негі­зін­­де, Үкіметтің бірқатар нормативтік құ­қықтық актілері де қабылданады. Ел Үкіметі­нің дәл осы заңнамалық актіле­­рі­не сәй­кес Алматы қаласы әкімдігі­­нің жанын­дағы ономастика­лық комиссия­ның жа­ңа құрамы мен Ере­же­сі қайта бекітілмек. Жаңа­дан құрылатын комиссия­ның құрамына белгілі ға­­­­­лымдар, қоғамдық ұйым­ның жетекшілері, қала­лық мәслихаттың депутатта­ры, БАҚ пен мемлекеттік мекеме басшылары енгізіл­мек. Бұған қоса, жаңа қа­был­данған заң бойынша қала аумағындағы шағын аудандарға, көшелерге, мекемелерге атау беру мә­селесі Республикалық ономастикалық комис­сиямен міндетті түрде келісіледі. Бір ескерте кететін жайт, аса көрнекті мемлекет және қоғам, сондай-ақ ғылым мен мәдениет қайрат­керлері және ел алдында айрықша еңбек сіңірген танымал адамдар қайтыс бол­ған күннен бастап кемінде бес жыл өт­кен соң олардың есімдері беріледі. Осы заңда көрсетілгендей, тіл туралы заң­наманы бұзғаны үшін жауаптылық та қатайтылады. Деректемелер мен көрне­кі ақпаратты орналастыру жөніндегі талаптарды бұзған лауазымды тұлғалар­ға алдымен ескерту беріледі. Егер бұл та­лап орындалма­са, онда шағын және ор­та кәсіпкерлік бо­лып табылатын заң­ды тұлғаларға заңда белгіленген мөлшер­де айыппұл салынады. Мысалы, қазіргі күні басқарма тарапынан жүргізілген тексеру барысында қаладағы көрнекі ақпараттар мен жарнамаларда тіл туралы заңнама­ның бұзылуын дәлел­дейтін 500-дей қате анықталып отыр. Ал Алматы қаласының атауын «Алма-Ата» деп өзгертуге байланысты мәселеге тоқталсақ, өткен жылы Алматы қаласы­ның әкімі Ахметжан Есімов «Алматы» атауының ешқандай да өзгермейтіні туралы шегелеп айтқан болатын. Демек, «бүйректен сирақ шығарып», тұрғындарды дүрліктірудің ешқан­дай қажеті жоқ, – деді бізге Алматы қала­лық әкімшілігі Тілдерді дамыту, мұрағат­тар және құжаттама басқармасы ономас­ти­ка бөлімінің бастығы Өтепберген Қалабай.

Дерек-дәйек:

Алматы облысы аумағындағы кейбір елді мекендердің Алматыға қосылуына байланысты 165 көше атауының қайталанатыны анықталды. Ал осындағы 50-дей көшенің атауы тарихи тұрғыдан ескірген. Атап айтқанда: Ленин, Комсомол, Пионер, Коммунар сияқты көшелер. Бұл көшелердің атауын заңнамаларда бекітілген тәртіпке сәйкес кезең-кезеңмен ауыстыру жоспарлануда.

Жомарт МОЛДАХМЕТҰЛЫ

http://www.aikyn.kz

 

Рубрика: