Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Тотал.кз сайтының ақпарат бойынша, Ленин, Комсомол, Пионер, Коммунар секілді көшелерге басқа атау беріледі.

Алматы қаласы тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының мәліметтері бойынша, қалада 2000-ға жуық көше бар. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 158 көшенің аты өзгертіліп, 458 көшеге тіптен жаңа атау берілген.

Дегенмен облыстық территориядағы елді мекендер қала құрамына алынғаннан кейін Алматыда 165 аттас көше бар екендігі белгілі болды. Сонымен қатар, қате жазылған атаулардың көп екендігі анықталды. Қала билігі өкілдері нормативке сай емес көше атауларын сатылап өзгертуді жоспарлап отыр.

Айта кетелік, Массагет бұған дейін 24 сәуірден бастап «Қазақстан Республикасының онамастикаға байланысты заңдық актілеріне өзгертулер енгізу туралы» заңы күшіне енетіндігін айтқан болатын. Осы күннен бастап қоғамдық орындарда ілінген баннерлердегі грамматикалық қателіктер үшін айыппұл салынатын болады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

Рубрика: