Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

© nur.kzАлматыдағы жолдар апатқа өте бейімді. Бұл туралы Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды деп жазады ҚазТАГ.

«Алматыдағы жолдарда апатқа ұшырау қаупі басым. Қалада адамдардың опат болуы мен жарақат алуына себепкер болған 5 588 жол-көлік оқиғасы болды. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстанда – 3 370, Алматыда – 1 834, Шығыс Қазақстанда — 1 463 және Жамбыл облысында 1 293 жол-көлік оқиғасы болған», — делінген Бас прокуратураның сайтында жарияланған мәліметте.

Хабарда айтылғандай, аталған жол оқиғаларына 29 219 көлік құралдарының қатысы болған, оның ішінде 25 574-і жеңіл автокөліктер, 1 124-і автобустар, 1 042-сі жүк көліктері. Осы көліктердің жалпы санының 1 139-ы оң жақ рульді автомокөліктер.

Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі, яғни, 14 123-і құрғақ жол жабынында, 2 317-сі дымқыл жолдарда және 1 247-сі қарлы жолдар тарабында болған.

Статистика көрсетіп отырғандай, жол апаттарының себебі өзгеріссіз күйінде қалып отыр. Бұрынғысынша, апатты көбінесе Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілер жасаған. Мәселен, өткен жылы жүргізушілердің кінәсінен 18 923 жол апаты болған.

«Жол-көлік оқиғасында ең көп қаза тапқандар саны Алматыда – 468, Оңтүстік Қазақстанда – 432, Қарағандыда – 210 және Жамбыл облысында – 203. Елді мекендерде – 16 334, халықаралық, республикалық маңызы бар жолдарда – 1 887, облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда 1 048 жол-көлік оқиғалары жасалған», — делінген ақпараттық парақшада.

Бұл ретте, жол оқиғасы салдарынан қаза болғандардың 1 906-сы ер адам және 679-ы әйел адам, оның ішінде 232-сі кәмелетке толмағандар, ал 25 942 жарақат алғандардың – 14 011-і ер адам және 11 931-і әйел адам.

nur.kz

Толығырақ: http://alashainasy.kz/alash/almatyi-joldaryinyin-apatka-beymd-eken-anyiktaldyi-61939/

материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Рубрика: