АЛТЫНОРДА
Новости

Алматы маңында жол апатынан 4 адам мерт болды

Жол апаты, Қазақстан. (Көрнекі сурет).Алматы облысында үлкен жол апатынан төрт адам қаза тауып, 18 адам жараланды. 

Алматы облыстық ішкі істер департаменті жол патруль полициясының хабарлауынша, 9 маусым күні Алматы-Өскемен тас жолының 39-километрінде Алматыдан Талдықорғанға кетіп бара жатқан Mercedes Benz Sprinter шағын автобусы қарсы бағытта келе жатқан Toyota Granvia жеңіл көлігімен соқтығысқан.

Апаттан Toyota Granvia көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы және шағын автобустың бір жолаушысы қаза тапқан. Шағын автобуста болған 18 адам Іле ауданының ауруханасына жеткізілген.

Алдын-ала болжам бойынша, жол апатына Toyota Granvia көлігінің қарсы бағытқа шығып кетуі себеп болған.

http://www.azattyq.org/content/news/25416189.html