Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Жұма күні өткен «Шансон жұлдыздары – Қазақстанда» атты халықаралық фестивалі Алматының мәдени өміріндегі ірі оқиғалардың бірі болды. Шансонды сүйіп тыңдайтын алматылықтар концерт билетінің қымбаттығына да қараған жоқ. Алматыдағы Республика сарайы көрерменге лық толды.

Фестивальге келген Любовь Успенская, Вилли Токарев, Владимир Асмолов, Жанна Прохорихина, Джека, Афина сияқты белгілі әншілер, «Воровайка», «Лесоповал» топтары өздерінің ТМД елдерінде кеңінен таралған әндерін орындады. «Менің төлқұжатымды қарасаңыз, ондағы «туған жері» деген графада «Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы» деп жазылған. Сондықтан мен Ресейде тұрғаныммен, өзімді қазақстандықпын деп есептеймін. Алдағы уақытта жеке концертіммен келемін деген жоспарым бар» дейді әнші Афина. Өзі мұнда келуге қатты дайындалған сияқты. Қазақстандық композитор Бейбіт Оралдың әнін сахнадан қазақша орын­дады.

Келесі жолы келгенде репертуарында қазақша бірнеше әннің болатындығына сенімді екендігін айтты. «Шансон пат­шайымы» атанған Любовь Успенская «Алматы – әлемдегі ең әсем қала, мен сіздерді сүйемін» дегенді бірнеше рет қайталап, көрермендерге ризашылығын білдірді. Михаил Шуфутинский екі аяғын бірдей сындырып алып, Алматыдағы фестивальге қатыса алмағанына қын­жылып жатқан көрі­неді.

Шансон – күнделікті өмірдің барлық салаларын қамтитын музыкалық бағыт, оның ішіне романс, бард шығармалары, лирика, т.б. Шансон мейрамханадағы үлкен жиындарда, әр үйдегі отырыстарда, көрші аулаларда, көлікте, эмиграцияда жүргендердің арасында, бір сөзбен айтқанда, барлық жерлерде айтылады. Сондықтан шансон халық арасында кеңінен тараған. Шансон жанрын XIX ғасырдың аяғы, XX ғасырдың басында француздың кабаре әншілері тарат­қан. Өткен ғасырда ол француз эстрадасына кірді.

Олардың ішінде ең танымалдары Дамиа, Фреэль және Эдит Пиаф болды. Шарль Азнавур мен Сальваторе Адамоның әндері де эстрадаға жақын болғанымен, шансон болып саналады. Жалпы алғанда, француз тілінде айтып, әлемге танымал болған эстрада әншілері Ив Монтан, Анри Сальвадор, Мирей Матье, Энрико Масиас, Джо Дассен, Далида, Патрисия Каас, Лара Фабиан, Милен Фармерлердің барлығын Франциядан тыс жақта «шансонье» деп атайды.

Қайыржан ТӨРЕЖАН

 

http://www.aikyn.kz/

Рубрика: