АЛТЫНОРДА
Новости

Әлемдегі ең ықпалды 100 адамның тізімі жарияланды

Астана. 25 сәуір. Baq.kz – Америкалық Time журналы кеше әлемдегі ең ықпалды деген 100 адамның есімін жариялады. Тізім түрлі салаларға бөлініп әзірленген. 

Саясаткерлер, дін өкілдері, өнер мен спорт қайраткерлері енген осынау тізімді жасауда бұрмалаушылық болған жоқ деп есептейді журналдың редакциясы. Оның таныстырылымы барысында арнайы шақырылған сарапшы әр тұлғаға байланысты түсініктеме берді.
Осылайша, әлемдегі ең ықпалды саясаткерлердің көшін РФ президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Барак Обама бастап тұр. Олармен бірге бір тізімде АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри, Қытай басшысы Си Цзиньпинь, Германия канцлері Ангела Меркель, КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын, АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон және Египет президенттігінен үміткер Әбдел Фаттах ас-Сиси бар
Ал, адам құқықтарын қорғауға белсенді атсалысқандардың қатарына журнал ұжымыАҚШ арнайы қызметінің құпиясын ашқан Эдвард Сноуден мен пәкістандық құқық қорғаушы Малала Юсуфзайды қосыпты.
Өнер саласындағы ең ықпалды тұлғалар: әнші Майли Сайрус пен Бейонсе, актер Мэттью Макконахи мен Бенедикт Камбербэтч, жазушы Арундати Рой және суретші Марина Абрамович. Ал, ең ықпалды діндар деп Рим Папасы Францисктің аты аталды.

http://baq.kz/kk/news/46328