Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Дюрбуи — Арден аймағындағы Ourthe өзенінің жағалауында орналасқан бельгиялық қала. Қаланың негізгі ерекшелігі — әлемдегі ең кішкентай қала екендігінде жатыр. Дюрбуиде бар болғаны 500-ге жуық адам тұрады. Соған қарамастан, қалада қырықтан аса қонақ үй бар.

Таңқалысыңызды түсініп отырмын. Осыншалықты қонақ үйдің бой көтеруіне себеп болған — қаланы алыстан арбалап іздеп келетін туристер болып отыр. Бельгияның негізгі туристік қаласына айналған Дюрбуи өте сұлу әрі тыныш.

Жалпы «кішкентай қала» туралы ең алғашқы деректер ХІ ғасырға жатады. Бұл жердегі ең алғашқы сарай 889 жылы тұрғызылса, 1331 жылы қала мәртебесіне ие болған.

Қалада атақты Урсель отбасының салтанатты сарайы бар. Бірақ Дюрбуиге қыдырып келген қонақтарға сарайға кіруге рұқсат берілмеген.

Қаланың атағын шығарған тағы да бір көрікті мекен — самшиттер (мәңгі жасыл тұратын қатты ағаш) бағы. Баққа әртүрлі шөп мүсіндер қойылған. Топиари (Parc des Topiaires) деп аталатын саябақты 20 жыл бұрын Альбер Наве есімді азамат тұрғызған екен.


Онда самшиттен жасалған 250 мүсін бар.

Қарапайымдылық пен мамыражайлық иісі аңқыған Дюрбуи қаласына саяхат жасап қайтсаңыз, өкінбейсіз. Әлемнің ең үлкендерін ғана емес, ең кішілерін де көрген ешқашан артықтық етпейді.

Суреттер:subscribe.ru,sweet-live.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

 

http://massaget.kz

Рубрика: