Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қазақстан суицид, аборт жасату және ажырасу бойынша бірінші орында тұр
Отандық психологтар елімізде отбасы институтын ашу қажет деген пікірде. Себебі бүгінгі жастар жанұя құруға көбіне дайын емес. Бұл туралы Таң телеарнасы хабарлайды.

Осының салдарынан Қазақстанда суицид пен ажырасу, аборт жасату фактілері жиілеп кетті. Ата-аналар бала тәрбиесіне де аса жауапкершілік танытып жатқан жоқ дейді шымкенттік педагог-психологтар.

Қазақстан суицид, аборт жасату және ажырасу бойынша бірінші орында тұр. Ал жасөспірімдер ештеңеге дайын емес. Жастарды жанұялық өмірге дайындау үшін бізге отбасы институты қажет. Сонда оларды жұптық өмірдің қыр-сырына үйрететін боламыз дейді психолог Гүлмира Ілиясова.

Отбасындағы бала тәрбиесін он жылдан бері зерттеп жүрген ол жанұялардың 4 түрі болатынын айтты. Соның тек соңғысы, яғни кемел отбасынан тәуір ұл-қыз щығады. Бірақ, ондай жанұялар біздің қоғамда аз. Аталмыш институт солардың қатарын көбейту үшін қажет дейді.

Кім бүгін отбасымен жұмыс істейді? Арақ ішетін әкеге барып, балаңа не тәрбие бердің деп кім айтады?

«Кім бүгін отбасымен жұмыс істейді? Арақ ішетін әкеге барып, балаңа не тәрбие бердің деп кім айтады? Кім қаңғыған әкеге барып, бала-шағаңа, қызыңа қарамайсыңба дейді? Отбасында әкенің сүйіспеншілігін көрмеген қыз ертеңгі күні басқа еркектердің құшағынан сүйіспеншілік іздейді», — дейді психолог Гүлмира Ілиясова.

Жұмысбасты ата-ана бүгінде бала тәрбиесіне уақыт жоқ десе, жұмыссызы әлеуметтік жағдайын айтып ақталады.

Ал ана мен әкенің сүйіспеншілігіне тоймаған жастар өмірдің рахатын темекі, ішімдік, есірткіден іздейді. Өйткені, оларға қол жеткізу қазірде қиын емес.

«Мектептің дәл алндында апамыз немесе әжеміз, жаңағы шемішке, темекі, насыбай сатып отырады. Соның қасынан өткен кезде, мұғалімдер де, психологтар да қарсылық көрсете алмайды. Соны бәріміз бірігіп істесек мұндай жолға бармайды деп ойлаймын», — дейді нарколог Әсем Шәукенбаева.

Психатропты заттарға басы айналған балалардың қылмысқа барары сөзсіз дейді «Жастар біздің болашағымыз» атты семинарға жиылған ұстаздар. Дегенмен, бұл жиынға шақырылған құқық қорғау органдарының қызметкерлері төбе көрсетпеді.

NUR.KZ

Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz/articles/view/66679

Рубрика: