Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

9040beae9b5238523ade0016d9c69d2fБір мемлекеттің астанасы үшін 15 жыл аз, астанамыз басқа мемлекеттердің сан ғасырлық тарихы­ бар астаналарымен салыстырғанда өте жас.

Буыны енді бекіген бала секілді. Мәселен, солтүстіктегі Ресейдің астанасы – Мәскеу қаласына биыл 866 жыл толады. Мәскеу 1947 жылы 800 жылдығын тойлаған болатын.

Ал ғасырға жуық Португалия отарында болған Бразилияның астанасы – Бразилиа қаласына бар болғаны 53 жыл. Өйткені Рио-де-Жанейро қаласынан, яғни қылмыстың өршіп тұрған тұсынан астананы тыныш, таза қалаға көшіру қажеттілігі туды.

1991 жылы Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін астананы елдің оңтүстік-шығысынан республиканың орталық бөлігіне көшіру мәселесі көтерілді. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттің жаңа астанасын орналастыруға оңтайлы қаланы анықтау мақсатымен республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттелді. Талдау қорытындылары барлық нұсқалардың ішінен ең қолайлысы Ақмола қаласы екендігін көрсетті. Бұл қаланың орналасқан орны сәулет тұрғысынан кез келген жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оның үстіне Қазақстанның географиялық орталығы ғана емес, қала елдің аса маңызды шаруашылық аймақтарына таяу, ірі көлік жолдарының торабында орналасқан. Мамандардың бағалауы бойынша Ақмолада тұрғын үйлер мен әкімшілік, іскерлік ғимараттарды салу бағасы Алматымен салыстырғанда едәуір арзанға түседі, бұл – шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Республиканың Жоғарғы Кеңесі ел Президентінің айқын дәлелдерімен келісіп, оның астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысын мақұлдады.1995 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан Республикасының астанасы туралы” Заң күші бар Жарлығы жарияланды. 1998 жылы 6 мамыр күні Президент Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді. Қаланың Қазақстан Республикасының астанасы ретіндегі ресми тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда болып өтті.

Қазақ даласындағы астаналардың соңғы тізбегі мынадай. Түркістан, Орынбор (1920-1925 жж.), Қызылорда (1926-1929 жж.), Алматы (1929-1997 жж.) және Астана. Десе де Астана әлемнің ірі қалаларымен иық тірестіре алатын инфрақұрылымы дамыған, оқу орындары соңғы технологиямен қамтамасыз етілген, қалалық мәдениет салтанат құрған қала. Тәуелсіздік символына айналған Астанамыз – бәріміздің мақтанышымыз.

http://www.turkystan.kz

Рубрика: