Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

434_15196f7159c93622c7e88e791d613045Астана. 13 қыркүйек. Baq.kz – Белгілі ақын-ағартушы Ғұмар Қараштың жырлары аудиожниақ болып шықты, деп жазады «Орал өңірі» газеті.

Ерекше формада, киіз үй үлгісінде жасалған дискіге ақынның 74 өлеңі жинақталған. Бір айта кетерлік жәйт, өлеңдер «Жайық Пресс» ақпарат орталығының өз студиясында жазылып, өңделген. Оқыған – журналист Бағдат Ізмағанбет.

 

Жантас Сафуллин, «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры:


— Біз қаларалық жолаушы тасымалымен айналысатын мекемелермен сөйлесіп, бұл дискіні оларға тегін ұсынбақпыз. Шартымыз – ұзақ жолда тек ән-күй ғана емес, осы дискіні де ойнатып тұрсын. Осылайша, жолаушылар бір кезек Ғұмар атамыздың мағыналы жырларын тыңдап, ой түйсе, ғибрат алса дейміз.

 

Жастайынан жетім қалып, ағайын-туыстарының қамқорлығымен ауыл молдасынан оқып, сауат ашқан Ғұмар Қараш Уфа қаласындағы жоғары діни білім беретін медресесінде оқыған. Кейбір деректерде Ыстамбұлда оқып білім алғаны айтылады.
Ақын өлең-толғауларында, көсемсөздері мен мақалаларында заман, өмір, дін-шариғат, табиғат, махаббат, тағы басқа мәселелер туралы толғанады, патша үкіметінің отарлаушылық саясатын, жергілікті әкімдердің екі жүзділігін сынап, халыққа адал қызмет етуге үндейді. Өз тілі мен мәдениетін сақтай отырып, ғылым, білімге ұмтылуды, мәдениетті елдерден үлгі алуды насихаттаған.
1902 жылдан өз ауылында бала оқытқан. 1911-1913 жылдары «Қазақстан» газетінің жұмысына ат салысқан. Сол жылдары Орынбор қаласында, Шәңгерей Бөкеевтің қамқорлығымен, ел аузынан жинаған әдеби мұраларды құрастырып, «Шайыр», «Көксілдер» атты екі жинақ жариялаған.

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

Рубрика: