Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Америкалық суретші Джейсон Месье тұрмыстық қалдықтардан актриса Линдсей Лоханның портретін жасап шығарды. Суретші бұл портрет актрисаға ұнайды, тіпті Лохан оны төріне іліп қояды деп сенеді.

Тhe Huffington Post басылымына сілте­ме жасаған Lenta.ru-дың хабар­лауы­нша, Месье шығармашылық құ­ра­лы ретінде арақ пен соустардың бос бөтелкелерін, сағыз қораптарын, визит­каларды, кос­ме­ти­калық-гигие­на­лық бұйымдар қалд­ық­тарын, тозған ұялы телефондарды, көне дискілерді, тіпті темекі тұқылдарын да пайда­лан­ған. «Мен Линдсейді жақсы көре­мін! Ол өзіне жұрт назары ауғанын ұнатады, сондықтан менің портретім де оның көңілінен шығады деп ойлаймын. Портрет оның қонақ бөлмесінің сәнін келтірер еді», – дейді Дж. Месье. 26 жастағы Лохан 2010-2012 жылдары мас күйде көлік жүргізгені және ұрлық жасағаны үшін айыпталған болатын. Жуырда соттың шешімімен ол мәжбүрлеп емдеуге жіберілді. Осы айдың аяғында актриса түскен «Өте қорқынышты кино-5» картинасы жарыққа шығады.

 

http://alashainasy.kz/world/41794/

Рубрика: