АҚШ президенті Барак Обама Венесуэланың жеті шенеунігіне «коррупцияға және адам құқықтарының бұзылуына қатысы бар» деп, санкция салды.

Ақ үйдің 9 наурыз күні хабарлауынша, Венесуэланың санкция салынған лауазымды тұлғалары арасында барлау қызметінің өкілдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар.

Венесуэла сыртқы істер министрі Дельси Родригес «Каракас (Венесуэла астанасы — ред.) санкцияға қатысты жауап шараларын қабылдайтынын» хабарлады.

Соңғы жылдары екі ел арасындағы қарым-қатынас шиеленісе түскен. Өткен аптада Каракас Вашингтоннан «екі апта ішінде Венесуэладағы дипломатиялық миссия қызметкерлер санын 20 пайызға дейін азайтуды талап еткен».

АҚШ Венесуэланы антиамерикалық саясаты үшін сынайды.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150310/330/330.html?id=26890951

Рубрика: